Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту. 2.Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. 3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау: Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім ! - Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы. ІІ.Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз?
Сөз таптары сан есім зат есім сын есім етістік Ендеше, бүгінгі сабағымыз топпен өтеді. 1- топ «Зат есім»
2- топ «Сын есім» 3- топ «Сан есім» 4- топ «Етістік»- мен өзім жүргіземін.
Әр топта тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді. Әр топ білімі текшелермен бағаланады. Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа. Оларды әр топ оқушылары тақтадағы қалташаларға салады. 1 топ – Зат есім
1 тапсырма: 1. Зат есім дегеніміз не? / заттың аты/ 2. Зат есімнің сұрақтары қандай? / кім, кімдер, не, нелер/ 3. Зат есім түрлері. / жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара , күрделі/ 4. Зат есімнің септелуі./ 7- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес/ 2 тапсырма. 271- жаттығу. (зат есім) - теріп жазу. Алаша , текемет, ауа, аңшы. 3 тапсырма. /Зат есімді сыз/ 1. Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар. 2. Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы. 4 тапсырма. (тест сұрағы) 1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз ә) заттың атын білдіретін сөз б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз 2. Туынды зат есімді тап А) қала ә) малшы б) тау 3. Көптік жалғаулы зат есім А) батыр ә) оқушылар б) тау 4. Жалқы есімді тап А) журнал ә) ағаш б) Алматы 5. Зат есім тобын тап А) үлкен, көгілдір, ащы ә) Алатау, арман, алма б) өседі, тербеледі, ұшады
2 топ – Сын есім 1 тапсырма 1. Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/ 2. Сын есім сұрақтары / қандай, қай/ 3. Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/ 4. Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/ 2 тапсырма 271- жаттығу (сын есім) Қоңыр, дөңгелек, қышқылтым, ақылды, әдемі. 3 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу: 1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/ 2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/ 3. Қандай жолдас болдады? / жаман/ 4. Алма қандай болады? / сары/ 5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/ 6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/ С Ы Н Е С І М 4 тапсырма / тест сұрағы/ 1. Сын есім дегеніміз не? А) Заттың атын білдіретін сөз ә) Заттың түрін білдіретін сөз б) Заттың қимылын білдіретін сөз 2. Сын есім сұрақтарын көрсет А) қандай?, қай? ә) қанша?, неше?
Б) не істеді?, қайтті? 3. Туынды сын есімді көрсет А) сулы, күшті, білгіш ә) таза, әдемі, сұлу б) ақ, сары, көк 4. Негізгі сын есімді көрсет А) талапты, көңілді, икемді ә) жаңа, қызыл, ақ б) өнерлі, бойшаң, инабатты 5. Сын есім нені білдіреді? А) атын, орнын, мөлшерін ә) түсін, көлемін, сапасын б) аумағын, жерін, орындалғанын 3 топ – Сан есім
1 тапсырма 1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/ 2. Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші / 3. Сан есім түрлері /дара, күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды / 4. Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше / 2 тапсырма / сан есімдерді теріп жаз / 271- жаттығу Тоғыз, бесінші, жеті 3- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Жұмбақ: Бірінші буыным құс аты, Ал екіншісі- бояу түсі. Екеуін біріктіріп оқысақ, Оңынан да, солынан да, Ұлт болып шығамын /қазақ/ 4 тапсырма / тест/ 1. Сан есім нешеге бөлінеді? А) есептік, реттік, қатарлық ә) қатарлық, кезектік б) есептік, реттік
2. Сан есімді көрсет А) бес, сана, ұйықта ә) елу бес, жас, кәрі б) қырық, елу, жүз 3. Реттік сан есім қатарын белгіле А) екі, үшеу, үшінші ә) үшінші, төртінші, бесінші б) бесінші, алтыншы, бесеу 4. Сан есім сұрақтары А) қанша?, қайда? ә) қанша?, неше? Б) неше?, қашан?
5. Сан есім дегеніміз не? А) заттың санын білдіреді ә) заттың қимылын білдіреді б) заттың түрін білдіреді 4 топ - Етістік 1 тапсырма 1. Етістік дегеніміз не? 2. Етістік түрлері 3. Етістік сұрақтарын ата 4. Болымды, болымсыз етістік 2 тапсырма 271- жаттығу Жүгірді, тазала, көмектесті. 3 тапсырма оқыды күлді отырды ойнады
оқушы биледі айтты барды келді жазды 4 тапсырма / тест сұрағы/ 1. Дара етісті тап А) келе жатыр ә) келді б) ойнама 2. Күрделі етістікті тап А) күлді ә) күліп келе жатыр б) барма 3. Болымды етістікті тап А) бар ә) ойнап жүр б) ойнама 4. Болымсыз етістікті тап А) оқыды ә) оқыма б) оқып отыр
5. негізгі етістікті тап А) жазып отыр ә) жаз б) жазба Ең соңында текшелерді санау, қорытынды жасау.
Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. А. Құнанбаев. Адам болам десеңіз Мақсаты. Білімділік: Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А. Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер. Суреттер, слайдтар. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, Ұжымдық жұмыс. Типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың барысы 1 - кезең. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық 1 – слайд. Қуан шаттан балақай Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін Жарқырап күн шықты. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл – күймен бастайық. 2 - кезең. 2 – слайд « Кел ойнайық» Үй тапсырмасын тексеру. Малдың пайдасы мәнерлеп оқу. Үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру. ( әр сұрақтарға жауап берген сайын слайдтар көрсетіліп отырады.) 1. Кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар. (Қой сөзі неше дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстарды ата.) 2. Екі найзасы бар Екі айнасы бар. (Дауыссыз дыбыстарды ата) 3. Қамыс құлақ Тостаған тұяқ Мінсен қанат Сүті дәрі Еті тамақ ( Жылқы сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады. Не себептен екі буыннан тұрады.) Жылдың қай мезгілі? Көктемдегі табиғат ерекшелігін әңгімелеу. Көктемде мал төлдеп күн жылыған соң төлдер өріске шығады. Кеш қайта өрістен оралған төлдерді шақырып ауылға айдаймыз. Төлдерді әр түрлі дауыспен дыбыстап шақырамыз. Қазір мен төлдерді шақырамын, сіздер мен қай төлді шақырғанымды тауып сұрақтарға жауап бересіңдер. 1. Ертеменен айқайлап Қайда екен деп ақылдым Ақау, ақау. ақаулап Қай төлді мен шақырдым? (Сүттен жасалатын өнімдерді ата) 2. Шұнтандаған неме деп Қосса жақсы келер деп Шөре, шөре, шөрелеп Қай төлді мен шақырдым? (Қой, ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?) 3. Жүрмесін деп қалыс қап Қайта, қайта дауыстап Қауыс, қауыс қауыстап Қай төлді мен шақырдым? (Түйе сүті қалай аталады?) 4. Құйрық жүні сусылдап Тез жетсін деп зуылдап Қырау, қырау, қыраулап Қай төлді мен шақырдым? (Жылқы сүті қалай аталады?) 3 – кезең. Түйсіну кезеңі. Жаңа сабақ. Күннің жадын жазу 3 - слайд суретпен жұмыс. Суреттердін атын атап, оларға сұрақтар қойып, Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру. 4. слайд Кім? Кімдер? Не? Нелер? Адамдарға, мамандық иелеріне. Жануарларға, заттарға 5. слайд Ережемен таныстыру. Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады. 6 - слайд Суретпен жұмыс. Суретте кімдерді көріп тұрмыз? Осы балалардың қайсысының істері дұрыс деп ойлаймыз? Балаларға ат қояйық. Арманның ісі дұрыс. Ол табиғатқа қамқорлық көрсетуде. Ағаштарды күтіп жайқалып өсуіне жағдай жасауда. Ағаштың қандай пайдасы бар? Асқардың жасаған ісі дұрыс па? Ол қандай қателік жіберді? Адам бойында жаман да жақсы да қасиеттер қатар жүреді екен. Жақсы адам болып жақсы қасиеттерге жақын болуымыз керек. Жаман қылықтан бойымызды аулақ ұстау керек. Абай атамыз « Адам болам десеңіз..» өлеңінде осы жақсы мен жаман 5 - қасиетті атап көрсеткен. Абай атамыздың өлеңімен танысайық. 7 - слайдА. Құнанбаев өмірімен таныстыру. 1845 - 1904 Сазгер Ұлы ақын Әдебиеттін негізін қалаушы Аудармашы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған 8 - слайд Бес дұшпан мен бес асыл істі слайдтан көрсету. (Жеке – жеке түсінік беру.) 4 - кезең. Қолдану кезеңі. Оқулықпен жұмыс. Сергіту сәті. Көтеріліп шаңырақ Уықтары шаншылған Керегелер керіліп Киіз үй боп тігілер Дәптермен жұмыс а) Көркем жазу. 9 - слайд Бұлттар мен тамшылардаға сөздерді сұрақтарға сәйкес көлшіктерге орналастыру. Ата Бала гүл Көбелек Сылақшы кітаптар Дәрігершарлар 5 - кезең. Түйсіну кезеңі. Бекіту. 1. Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады? 2. Не?, Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? 3. Венн диаграмасын толтыру. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ереже жаттау. Бағалау. Оқушыларды мадақтау
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы) Мақсаты: Білімділік: Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңкйту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық. Сабақтың типі: Қайталау. Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр - малар, жұмбақтар шешкізу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Қазақ тілі - Атаң, анаң Қуат алар Отан содан Дүниеде ешбір асыл Тең келмейді қатар оған. Дұшпаның да бас иетін Тілің ұлттық қасиетің. Тартқан талай ұлыстар бар Тілсіздіктің қасіретін, - деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен. - Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір - қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр - сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы. Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу. І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас. ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің - арты игі. ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба, Сенен де білгіш табылар. ІІ. Негізгі бөлім І кезең «Ой қозғау» 1 - тапсырма. Кім жылдам? Жауап берген топ 1 ұпайға ие болады. Жұмбақ. Білесіңдер кім? не? сұрағын Сөйлемдегі ой иесі боламын. Не істеді? сұрағымен кркеейемін, толамын. Жауабы: Зат есім. 2 - ші тапсырма І топ ІІ топ ІІІ топ Зат есім сұрақтарын толық - тырып жауап бер және мы - сал келтір Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымын білдіретін сөз ойлау. Ол қай сөз табы? Зат есімдерді не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерімен байланыстыр. Ол қай сөз табы? Кімдер? Кімнің? Нелер? Ненің? Кімге? Неге? Кімім? Кімді? Нем? Нені? Кімде? Неде? Білімді оқушылар. Ұзын сызғыш. Гүлжан оқыды Оқушы оқыды Мен ән айттым
3 - тапсырма: «Ойлан, тап» А) Конвертте жұмбақ берілген. Жұмбақтың шешуін табу, мағынасын аша отырып дәлелдеу Ә) Әр түрлі тапсырма. Б) Дәптермен жұмыс Мен шегінсем, шегініп Мен керілсем, керіліп Кетпей қойды жыраққа, Сөйлемейді бірақта. Ол не? 1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт. 2) Шешуін сөз құрамына талда. Қиналмай, тауларды, орманды Теңізді, дария топтарды, Ауылды, қаланы, халықты Ойлап тап көтерген алыпты. Ол не? 1. 1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт. 2. Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап. Көктемде көгереді, Жазда жайқалады. Күзде сарғаяды, Қыста тамырлайды. 1. «Өсімдік» сөзін 3 - ші жақта тәуелдеп, септе 4 - тапсырма «Мақал - сөздің мәйегі» - Сан есім кездесетін 3 мақал айт 5 - тапсырма « Ұйқасын тап»- өлең құрастыру. Дәптермен жұмыс. Берілген тақтадағы сұрақтар бойынша 1) сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдау, әр сөйлем мүшесінің қай сөз табынан екенін ажыратқызу Кім? Қандай? Нені? Не істеді? Айгүл қызық кітапты оқып бітірді. 6 - тапсырма «Ой толғау» Әдебиеттік оқу пәнінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген. 1) Өлең кімнің өлеңі 2) Ретімен жазуға тапсырма беріледі Қорытынды. Тест жұмысы (жалпы 6 тест сұрағының әрбірі дайын слайд түрінде көрсетіліп, жауабы сигналдық карточкадағы әріптік белгіні оқушылардың көтеруі арқылы олардың алған білімдері тексеріледі). Оқушылар білімін бағалау Үйге тапсырма
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты:
Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.
Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
II. Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.
III. Артығын тап
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
IV. Терме диктант
- Наурыз қандай мереке?
- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.
- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.
- Наурыз көже жасалады.
- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.
- Наурызда ренжіскен адамдар бірін - бірі кешіреді.
Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу
Ата - бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарқан жайылды,
Ошақта от жалындап.
Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.
- Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?
- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.
V. Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.
VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.
Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
ашулы арыстан - ызалы арыстан
- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.
- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.
Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.
Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
(Жұрнақ арқылы жасалған.)
VII. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
4 3 1 2
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
3 2 4 1
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
4 3 2 1
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
2 3 4 1
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Ол үшін не істеу керек?
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.
Қандай аю? Қоңыр аю.
VIII. «Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
IX. Қорытындылау
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
X. Бағалау, мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.
XI. Үйге тапсырма
5 - жаттығу
1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;
2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.
Математика.(4-сынып)
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз
есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрде
шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге
дағды қалыптастыру.
Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулық
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.
Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)
ІІ.Жаңа сабақ.
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
* «Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)
Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)
• «Ойлан,тап!»
1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?
360:2=180 (жарты,немесе 500г)
• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)
Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең,білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
* «Топпен жұмыс»
І – топ №3-208бет,
Бар еді-1706қап ұн.
Қалды-1009қап ұн
Жөнелтілді-? Қап ұн
Ш: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009
Ж: 697 қап ұн
ІІ-топ №4-208бет,
Болды-548т қызылша.
Қалды-399т қызылша.
Тиеп жіберді-?т қызылша.
Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399
Ж: 149т қызылша.
ІІІ-топ №5-208бет,
Әр қ.8 көшеттен-5 қатар
Жиектеді-? көшет
Болды-63 көшет.
Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63
Ж: 23 көшетпен жиектеді.
ІV-топ №6-208бет,
S=18км,
t=2 сағ,
υ1=4км/сағ,
υ2=?км/сағ
Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4
Ж: υ2=5км/сағ
• «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=?см2
S2=?см2 2есе кем
в2=4см
а2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см
Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.
* «Қызықты тапсырмалар»
1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)
2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)