Сабақтың мақсаты: студенттерге күн радиациясының түрлерін және күн радиациясының өсімдіктерге әсерін түсіндіру



бет2/3
Дата01.10.2022
өлшемі104,75 Kb.
#151370
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4-зертхана агрометеорологии

Q = S + 0

Атмосфераның жоғары қабатына келген күн радиациясы ағынының интенсивтігін (қарқындылығын), яғни өзгерістерге ұшырамаған күн сәулелерін Күн тұрақтысы (S 0) деп атайды. Халықаралық келісім бойынша оның мәні 1,9: кал/ (см2 мин) немесе 1,38 Квт/м2) тең.

Атмосферадан өткен радиация сіңіру, шашырау сияқты құбылыстарға ұшыраған соң әлсірейді. әлсіреу заңдылығы радиация өткен ортаның құрамына, тығыздығына, сәуле жүріп өткен қашықтыққа байланысты болады. Күн радиациясы жер бетіне түскенде келген радиацияның мөлшері атмосфераның тұнықтығына байланысты болады, оны көрсететін шама-тұнықтық (мөлдірлік) коэффициенті Р: Р = S/ S0 Мұндағы: S - жер бетіне келген радиация S0 - Күн тұрақтысы Көлденең қима ауданы бірге тең радиация ағыны өткен ауа массасын атмосфераның оптикалық салмағы (т) деп атаймыз. Мысалы, күннің түсу бұрышы 90° болғанда, яғни, сәуле тік түскен кезде атмосфераның оптикалық салмағы бірге тең, ал күннің биіктігі азайған сайын оптикалық салмақ та өсе бастайды. Атмосфераның сәуле шашуы, күн радиациясының шағылуы және жұтылуы. Жер бетіне келетін күн радиацияларының біршамасы кері қарай -атмосфераға (30 %) және қалған (70 %) бөлігі жер бетіне қарай бағытталады. Осы жер бетінен жоғары қарай бағытталған күн сәулелерін Жер бетінің өзіндік сәулеленуі (Еж) деп, ал ал жер бетіне қарай бағытталған күн сәулелерін қарсы сәулешашу (Еа) деп атаймыз. Еж мен Еа арасындағы айырманы нәтижелі сәулешашу (Ен) деп атаймыз. Ен — Еж - Еа Жер бетінің өзіндік сәулешашуы табиғи денелер үшін Стефан - Больцман заңы бойынша анықталады, және дененің толық сәулешашуы оның абсолютті температурасының 4 - ші дәрежесіне тура пропорционал болады: Еж = о б Т4ж Мұндағы: о = 5,67* 1011 Квт/м2 К4 - Стефан - Больцман тұрақтысы; Т4ж - төселме беттің абсолютті температурасы; б - төселме беттің салыстырмалы сәуле шашу мүмкіндігі (абсолютті қара денемен салыстырғандағы). Күннен келетін тура, шашыранды және жиынтық радиациялардың мөлшеріне әсер ететін негізгі факторларға: күннің түсу бұрышы, теңіз деңгейімен салыстырғандағы биіктік, бұлттылық, атмосфераның бұлыңғырлығы және т. б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет