Сабақтың мақсаты: студенттерге күн радиациясының түрлерін және күн радиациясының өсімдіктерге әсерін түсіндіру


Күн радиациясының жер бетіне жұтылуы және жер бетінен шағылуы (Альбедо)



бет3/3
Дата01.10.2022
өлшемі104,75 Kb.
#151370
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4-зертхана агрометеорологии

Күн радиациясының жер бетіне жұтылуы және жер бетінен шағылуы (Альбедо). Төселме беттен кері қарай шағылып кеткен қысқа толқынды күн радиациясын шағылған радиация (Rк) деп атаймыз. Осы шағылған радиацияны келген жиынтық радиацияға қатынасын беткейдің шағылдыру мүмкіндігі: немесе Альбедо (А) дейміз: А = Rк /Q*100% Табиғатта күн радиациясын ең көп шағылыстыратын жер беті - қар мұз беттері және бұлттар екенін байқауға болады. Төселме беткейлер әсіресе қар мен су беткейлерінің альбедосы күннің биіктігіне де байланысты. Неғұрлым күн еңіс болса, соғұрлым альбедо жоғары болады. Орташа алғанда су беткейлерінің альбедосы құрлық беткейінің альбедосынан кіші болады. Мұның себебі: күн сәулесі суға тереңдеп енеді және су ішінде шашырайды да, нәтижесінде жақсы жұтылады. Космостық кеңістікке кететін шағылған және шашыранды күн радиациясының атмрсфераға келетін жалпы күн радиациясына қатынасын Жердің планеталық альбедосы немесе Жер альбедосы деп атайды. Жалпы, жер беті келген күн радиациясының шамамен үштен бір бөлігін кері қарай шағылысқан радиация ретіңде қайтарады. Демек, планетарлық альбедо орта есеппен 35% құрайды. Төселме беткейдің қысқатолқынды радиацияны жұту коэффициенті ретінде (1- Ак ) мәні алынады. Ол коэффициент төселме бетке келіп түскен радиацияның қанша бөлігінің жұтылғанын көрсетеді және келесі формула бойынша анықталады: Вж = S + D-Rк = (S sіпһ0 + D)(1-Ак) Қарсы сәуле шашудың жер бетінен шагылып кеткен бөлігін ұзынтолқынды шағылган радиация (Кұ) дейді жэне ол былайша анықталады: Кұ = (1-б)Еа,=0,05Еа,

Жер бетінің және Жер - Атмосфера жүйелерінің радиациялық балансы. Жер бетінің радаациялық балансы (В) деп - жер бетіне келген және жер бетінен кеткен радиациялар арасындағы айырмашьшықты айтамыз (сурет - 3): В = (S + D + Еа) - (Rк + Еж + R¥) немесе В = (S sіпһо +D) (1-Ак)-Ен В=S+D+Еa-Rқ-Еж-R¥ В = В¥ = Еa-Еж- R¥ Сурет-3. Теселме беткейдің радиациялық балансын құраушы радиациялық ағындар (а-күндіз; б-түнде). Яғни, В-жұтылған қысқа толқынды радиация мен ұзын толқынды эффективті (нәтижелі) сәулешашудың айырмасына тең болады. Радиациялық баланстың мағынасын жер бетінде қалған радиация деп те түсінуге болады. Жер - Атмосфера жүйесінің радиациялық балансы (Вж.а) деп төселме беттен атмосфераның жоғары шекарасына дейінгі ауданы 1см2 ауа бағанындағы сәуле­лі энергия балансын айтады. Оның келетін бөлігі атмосфера мен төселме беткейдің жұтқан радиациясынан, ал кететін белігі жер беті мен атмосфераның шашатын ұзынтолқынды радиацияларының кеңістікке кететін бөлігінен тұрады:

Вж.а = (S sinһ0 + D(1-Ак)+ q-Е_ Мұндағы. q - атмосфераның жұтқан қысқа толқынды радиациясы; Еш - жер беті мен атмосферадан кеңістікке кететін ұзынтолқынды радиациялар. Жалпы жер мен атмосфераны бірге алғанда, жоғалған радиацияның мөлшері келген радиациямен теңесіп отырады. Сондықтан көп жылдық мерзімді алғанда планетамыз не қызып кетпейді, не суып кетпейді. Яғни жер беті сәулелік тепе - теңдікте деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет