Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет28/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
2. Нәруыз ыдырауы күшейеді (4)

  1. қызба кезінде

  2. анаболизмдік стероидтарды қабылдағанда

  3. гипоксия кезінде

  4. қатерлі өспелерде

  5. ауыр жарақаттанғанда

3. Сәйкестікке келтіріңіз:

  1. оң азоттық тепе-теңдік (3)

  2. теріс азоттық тепе-теңдік (3)

A) организм өсуі
B) жүктілік
C) ашығу
D) өспелік кахексия
E) нәруыз түзілуі оның ыдырау үрдісінен басым болады
F) нәруыз ыдырауы оның түзілу үрдісінен басым болады
4. Теріс азоттық тепе-теңдіктің салдарына жатады (5)

  1. организм төзімділігінің төмендеуі

  2. организм төзімділігінің жоғарылауы

  3. балаларда өсудің тоқталуы

  4. сыртқы ортаның зақымдаушы әсеріне организм бейімделуінің бұзылуы

  5. ішкі ағзалардың дистрофиясы

  6. гипопротеинемия

5. Сәйкестікті тап:
1) нағыз гиперпротеинемия (2)
2) салыстырмалы гиперпротеинемия (3)

  1. антиденелер түзілуінің жоғарылауы

  2. миеломдық ауру

  3. сусыздану

  4. қан қоюлануы

  5. толастамайтын құсу

6. Гипопротеинемияның себептері (4)

    1. ұзақ уақыт сумен толық ашығу

    2. бауыр аурулары

    3. нефроздық синдром

    4. ауқымды күйік

    5. қанның қоюлануы

7. Гипопротеинемия қабаттасады (4)

  1. қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

  2. қанда гормондардың бос бөліктерінің мөлшері төмендеуімен

  3. плазма нәруыздарының тасымалдау қызметінің бұзылуымен

  4. қанда гормондардың бос бөліктерінің мөлшері жоғарылауымен

  5. ісінулер дамуымен

8 Диспротеинемия – бұл (1)

  1. қанда нәруыздар мөлшерінің көбеюі

  2. қанда нәруыздар мөлшерінің азаюы

  3. қанның нәруыздық бөлшектерінің арақатынасының өзгеруі

  4. қанда ауытқыған нәруыздардың пайда болуы

  5. қанның кейбір нәруыздық бөлшегінің болмауы

9. Парапротеидерге жатады (2)

  1. сапасы өзгерген гамма-глобулиндер

  2. альбуминдер

  3. альфа-глобулиндер

  4. пропердин

  5. криоглобулиндер

10. Бөгелулік гиперазотемияның патогенезі байланысты (1)

  1. мочевина түзілуінің жоғарылауына

  2. организмге нәруыздардың артық түсуіне

  3. организмде нәруыздар ыдырауының ұлғаюына

  4. организмде нәруыздар түзілуінің жоғарылауына

  5. бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне

11. Өндірілулік гиперазотемияның патогенезі байланысты (2)

    1. бүйрек қызметінің бұзылуына

    2. нәруыздар ыдырауының күшеюіне

    3. нәруыздар түзілуінің жоғарылауына

  1. бауыр қызметінің бұзылуына

12. Подаграның патогенезінде маңызы бар (4)

  1. бүйректе ацидогенез төмендеуінің

  2. несеп қышқылы түзілуі жоғарылауының

  3. несеп қышқылы шығарылуы азаюының

  4. несеп қышқылы алмасуы ферменттерінің тектік ақауының

  5. ұзаққа созылған гиперурикемияның

13. Тағам мәзірінде липидтер тапшылығы әкеледі (2)

  1. суда еритін витаминдердің гиповитаминозына

  2. алмастырылмайтын көп қанықпаған май қышқылдарының тапшылығына

  3. простагландиндер мен лейкотриендер түзілуінің бұзылуына

  4. кетозға

  5. семіруге

14. Ауқаттық гиперлипидемияның патогенезі байланысты (1)

  1. қордан майдың көп шығуына

  2. тағаммен майдың көп түсуіне

  3. майдың қаннан тінге өтуінің тоқталуына

  4. гипоальбуминемияға

Е) қанда липопротеидлипазаның төмен белсенділігіне
15. Тасымалдық гиперлипидемияның патогенезінде маңыздысы (1)

  1. организмге майдың тағаммен артық түсуі

  2. гипоальбуминемия

  3. қанда гепарин мөлшерінің азаюы

  4. қордан майдың көп шығуы

  5. майдың ішекте сіңірілуінің бұзылуы

16. Бөгелулік гиперлипидемия дамуының тетігінде маңызы бар (2)

  1. қан липопротеидлипазасының төмен белсенділігінің

  2. альбуминдер мен гепарин тапшылығының

  3. майдың тағаммен артық түсуінің

  4. қордан майдың көп шығуының

  5. холецистокинин мен секретиннің тапшылығы

17. Гиперхиломикронемия белсенділігінің төмендеуіне байланысты болуы мүмкін (1)

  1. липопротеиндік липазаның

  2. ЛХАТ-тың (лецитин – холестеринацилтрансферазаның)

  3. А2 фосфолипазының

  4. ГМГ-КоА-редуктазаның (гидроксил-глютарил-КоА -ның)

18. Бауырдың майлық сіңбеленуіне септеседі (4)

    1. бауырда триацилглицериндер түзілуінің жоғарылауы

    2. бауырға липидтердің тасымалдаушы түрлері түсуінің жоғарылауы

    3. бауырда липопротеидтер түзілуінің төмендеуі

    4. бауырда май қышқылдары тотығуының төмендеуі

    5. бауырда фосфолипидтер түзілуінің жоғарылауы

19. Гиперкетонемия пайда болуына септеседі (3)

  1. липолиздің белсенділенуі

  2. тіндерде кетондық денелер пайдаланылуының төмендеуі

  3. Кребс оралымында тотығудың төмендеуі

  4. липогенездің белсенділенуі

  5. организмдегі оң азоттық тепе-теңдік

20. Кетоздың салдарлары (4)

      1. метаболизмдік ацидоз

      2. аутоуыттану

      3. тіндік тыныстың әлсіреуі

      4. газдық ацидоз

      5. гипергликемия

      6. кома

11 тақырып. ГИПОКСИЯ
Сабақтың мақсаты:

  • Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Теориялық материалдың білімін гипоксия дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық

жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Гипоксияны үлгілеу барысында жануарлармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыны қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • гипоксияның жіктелуін, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу, организмнің гипоксияға жедел және ұзақ мерзімді бейімделуінің тетіктерін зерттеу

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену және пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру

  • Теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдана білу

  • экзогенді және гемдік гипоксияның үлгісінде, оның көріністерін зерттеу



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

  2. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  4. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  5. Ұрық және жаңа туылғандардың жіті және созылмалы гипоксиясы.

  6. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері



Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Пікірталас, аз топтарды жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет