ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
(«Гипоксияны үлгілеу» №1 бейнефильмді көру немесе тәжірибе жасау)
Әдісі. Тәжірибе үшін 3 тышқан аламыз, Комовский аспабының қалпағының астына біреуін, екіншісін тығыз жабылатын ыдысқа отырғызамыз, үшіншісі бақылаулық болып есептеледі. Олардың жалпы мінез-құлқына, тыныс алуына, терінің түсіне назар аударамыз. Содан кейін қалпақтың астында барометрлік қысымды біртіндеп азайтамыз: 0,2; 0,4; 0,6; 0,8 атм., өзгерістерді байқайды. Жедел гипоксияның клиникалық көріністерін, тыныс алудың өзгерістерін бақылайды. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп талдаймыз. Осы гипоксияның түрлерінде қанның газдық құрамының өзгеру мүмкіндіктері туралы қорытынды жасаймыз.
Хаттаманың кестесі
№ 2 тапсырма.
|
Тышқандарда
1. метгемоглобинтүзушілер
2. көміртегі тотығы арқылы гемдік гипоксияны тудыру
Метгемоглобин тотығы түзетін заттармен уландыру.
|
Әдісі Тышқанның терісінің астына 0,1мл 10% азот қышқылының натрий ерітіндісін енгіземіз. Жедел гипоксияның клиникалық көріністерін байқаймыз. Тері түсіне назар аударамыз.
Көміртегі тотығымен уландыру
Күкірт қышқылын құмырсқа қышқылымен бірге қыздырғанда иісті газ алынады. Газ иісі шығатын резіңке түтік арқылы қосылған воронканың астына тышқанды орнықтырамыз. Оның жағдайы мен мінез құлқына, терінің түсіне көңіл аударамыз. Өлген жануарлардың ішін ашамыз. Терінің түсі, ішкі ағзасы мен қанды салыстырамыз. Тәжірибелердің жалпы хаттамасын толтырамыз:
Хаттаманың жалпы кестесі
Жануарлар
|
Әсер етудің түрі
|
Тері түсі
|
Қанның түсі
|
Байқалған өзгерістердің патогенезі
|
Тышқан 1
|
Натрий нитритімен улану
|
|
|
|
Тышқан 2
|
СО-мен улану
|
|
|
|
№ 3 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№5. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
Рн
|
7,32
|
раО2
|
71 мм с.б.
|
раСО2
|
52 мм с.б.
|
рvО2
|
47 мм с.б.
|
SВ
|
18,6 ммоль/л
|
МК
|
26 мг%
|
ВЕ
|
–5 ммоль/л
|
|
|
Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
№ 6. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
Берілген жағдайда гипоксия түрлерінің даму бірізділігі қандай?
Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?
№ 7. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 135-147.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 278-290.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ
1. Экзогендік нормобариялық гипоксия пайда болады (2)
Достарыңызбен бөлісу: |