Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдануды үйрену
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.
Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.
Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.
Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.
Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).
Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.
Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.
Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері: Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері: Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру.