Сабақтың мақсаты: таспадан гүл жасап үйретіп, панно дайындау Мiндеттерi: а бiлiмдiлiк: Оқушыларға таспа туралы мәлімет беру



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі2,2 Mb.
#10606
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Атлас таспадан гүл жасау технологиясы

Пән мұғалімі: БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ-нің технология пәнінің мұғалімі

Атауова Амина Беркиновна

Сынып: 7 «Д»

Сабақтың мақсаты: таспадан гүл жасап үйретіп, панно дайындау

Мiндеттерi:

А)Бiлiмдiлiк: Оқушыларға таспа туралы мәлімет беру

Б) Тәрбиелiк: Оқушылардың әрбір бастаған жұмысын жоспарлауға, алдын ала болжауға , қиындықты жеңуге ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу

В) Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке деген қабілетін,ынтасын, талабын,іскерлігін дамыту. Өз бетерімен жұмыстануға дағдыландыру

Көрнекілiгi: қажетті материалдар мен құралдар, тақырып бойынша слайд, дайын бұйым

Материалдар: мата, таспалар, жіп, т.б.

Сабақтың түрi: Жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдiсi: Практикалық , көрнекілік , түсіндірмелі - иллюстративті

Пәнаралық байланыс : тарих, өсімдіктану



Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлiмi

  2. Жаңа тақырып түсiндiру

  3. Машықтық жұмыс

  4. Бекіту сұрақтары

  5. Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау.

  6. Жұмыс орнын жинау.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлiмi

  • Саламатсыздар ма, отырыңыздар! (түгенлеу, үй жұмысын тексеру)

  • Қыздар бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Атлас таспадан гүл жасау технологиясы»

  • Еске түсірейік , қандай гүлдерді білеміз? (гүл түрлеріне тоқталу)

  • Бүгінгі сабақта біз таспадан роза гүлін жасап үйренеміз.

ІІ. Жаңа тақырып түсiндiру

Жұмысымызды бастамас бұрын таспаның шығу тарихына тоқталайық. Закарина Инабат баяндама дайындап келген .

Таспа туралы қысқаша мәлімет

Ерте кезден-ақ жіңішке мата жолақтары адамдардың күнделікті және шаруашылық қызметінде кеңінен қолданылған. Сол кездің өзінде Ежелгі Грецияда әйелдер әдемілік үшін шаштарын мата жолақтарымен жинаған. Ежелгі Римде алтынмен, қымбат тастармен әшекейленген жолақтарды әйелдер шаштарына қосып өрген. Сонымен қатар, түрлі-түсті ленталармен киімдерді безендірді, әрбір әлеуметтік сатыға сәйкес өз түсі және материалы болды.

Орта ғасырда Италияда отырғыштардың арқалықтарын әсемдеп, қыстың күндері суықтан қорғайтын қалың маталы терезе жапқыштарды байлаған.

Тек XIV ғасырдан бастап тұрмыста жібек ленталарды кеңінен пайдалана бастады. Лиондағы жақсы дәстүрге және қолайлы климаттық жағдай Европаның оңтүстігінде бағалы жібек жіпті өндіру тез дамыды. Папаның тігіншісінің Авиньонға көшуінен бастап, француз корольның қол астындағы белгілі мырзалар шығу тегі мен шеніне қарай алтын каймалы немесе парча лентамен әрленген үлде мен бүлдеге оранды.



(Слайдпен жұмыс)

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет