Атластағы “Қазақстанның топырақ картасынан” Республика аумағындағы топырақ типтерінің қай аймақтарда таралғанын анықтау.
Өз облысымызда қандай топырақ түрлері басым таралғанын анықтап, дәптерге жазып алу.
Кескін картаға Қазақстан аумағындағы топырақ
зоналарын бояп түсіру;
Эвристикалық тұжырым
Топырақ-ерекше табиғи түзілім.Ол тірі табиғи денеге де,өлі тау жынысына да жатпайды.
Топырақ өзара байланысты топырақ құраушы факторлар- су, жылу, ауа, үгілген тау жыныстары және тірі ағзалардың әрекетінен түзіледі.
Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты.
Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы жазық жерлерде ендік зоналылық бойынша , тауларда биіктігіне байланысты өзгереді.
Қазақстан аумағының көп бөлігі шөл және шөлейт аймақтарында орналасуына байланысты сұр-қоңыр және каштан топырақтар басым таралған.Солтүстігінде орманды дала және дала зоналарына тән қара топырақ түрі таралған.
Республика аумағындағы топырақтың құнарлылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді.
Арнайы жүргізілген агротехникалық, мелиорациялық шаралар арқылы топырақ эрозиясын тоқтатуға болады.