Сабақ тақырыбы Ай Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



Дата01.04.2017
өлшемі90,18 Kb.
#12886
түріСабақ

Пәні: Математика Қатысқандар саны:21 Қатыспағандар саны: 0

Күні:26.01.2017ж.



Сабақ тақырыбы

Ай

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары


1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу:минут, сағат,тәулік,апта,ай,жыл



Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: уақытты бағдарлайды және уақыт терминдерін түсінеді. Ай аттарын ретімен айта алады.

Көптеген оқушылар: Уақыт бірлігін ажыратады. Қалай не үшін қолданатынын талдайды.

Кейбір оқушылар: уақытты анықтайтын жаңа терминдерді пайдаланып, ой-пікірін білдіре алады.

Жетістік критерийлері


Уақыт аралығының ұзақтығы -ай, жыл туралы түсінік қалыптасады;

«Ай, жыл» уақыттың өлшем бірлігі екендігін ұғынады;

Ай атаулары және олардың орналасу ретімен танысады.

1жыл 12 айдан тұратындығын біледі,жылдың төрт мезгілін ажырата біледі.



Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау:

... қашан екенін айт

Қай күні сен …..

Жазу: Ай аттарын рет-ретімен жаз.


Құндылықтарды дарыту:


Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиеттік оқу,дүниетану,орыс тілі,ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары:

Аудиожазбалар, слайд,стикер, постер, маркер,күнтізбелер

Бастапқы білім:

Тәулік уақыты, апта күндері, ай атаулары

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру



Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып,«қыс»,«көктем»,«жаз»,«күз» деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу.

Өткен сабақты қайталау

«Сұрақты қағып ал» ойыны

АТК


Сабақтың ортасы
15 мин

10 мин


5 мин

Жұмбақ шешу

Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті-

Төрт түсті жер үсті

Жауабы:қыс, көктем, жаз, күз

Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.

Жауабы: Жыл он екі ай, бір айдағы отыз күн, бір күндегі күн мен түн

-Балалар бір ай дегеніміз не?

-Ай-ұзақ уақыт аралығы. Онда 4 апта және бірнеше күн болады. Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді

-Бір ай дегеніміз 30 немесе 31тәулікке созылатын уақыт аралығы.Тек ақпан айында 28 немесе 29 тәулік болады.

1-ші топ 12 айды қазақша айтады

2-ші топ 12 айды орысша айтады

3-ші топ 12 айды ағылшынша айтады

4-ші топ Сұрақтарға жауап береді

1.Бүгін қай күн және қай ай?

2.Келесі қай ай?

3.Өзің туған айларыңды атаңдар.

Әр топқа өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен топтастырып айтқызу. Әр топтың жауабын тыңдау.

-Балалар осы ай аттары ретімен жазылып,апталарға бөлінуін көрсететін кестені күнтізбе деп айтамыз. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн

Күнтізбенің әр түрлі нұсқалары бар.Мысалы: үстелге қоятын,қалта күнтізбесі, жыртпа күнтізбе,қабырғаға ілетін күнтізбелер



-Біз жылда 31 желтоқсан күнінен 1 қаңтар күніне ауысқан түні жаңа жылды қарсы аламыз.

-Біз қай жылды шығарып салдық?

-2016ж Маймыл жылын

-Қай жыл келді?

-2017ж тауық жылы

Ал қазақ күнтізбесі бойынша Наурыз айы-Жаңа жылдың бірінші айы,Ұлыстың ұлы күні.Қазақстанда Наурыз мейрамы 22 наурызда аталып өтіледі. Наурыз мейрамы көктем мейрамы және Жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Біз енді осы 2017 жылдың айларымен күнтізбе арқылы танысатын боламыз.

Күнтізбемен жұмыс

-Балалар, күнтізбе бізге не көрсетіп тұр?

-Жылдың айға, аптаға,күнге бөлінгенін

-Бір айда неше апта бар екен?

-Бір айда төрт апта бар

-Ал енді ең қысқа айды табайық. Ол ақпан айы.Ақпан айында 28 күн болады және төрт жылда бір рет 29 күн болады.

-Қай айларда 30 күн бар?

-Қай айларда 31 күн бар?

-Айларды күндермен санайтын болсақ неше күн болады?

- 365 немесе (366) күн болады. Оны біз 1 жыл деп айтамыз.

Сен білесің бе?

Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай –ақпан. Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету.



Есіңе сақта! 1апта-7күн

1айда-30 немесе31 күн

1 жыл-12 ай

1жыл-365 немесе (366) күн

Сергіту сәті:

Сен білесің бе?

Күнтізбе бойынша анықта.

а)Талғаттың туған күні- 9 сәуір.Бұл аптаның қай күні?

Жауабы: сенбі

ә) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады?



Жауабы: 9 күн

б) Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады.



Жауабы: 8 күн

Бағалау критерий:Күнтізбенің көмегімен сәуір айына берілген демалыс және үйірмеге қатысатын күндерді санайды.

Дескрипторлар:

  1. Талғаттың туған күні аптаның қай күні екенін біледі-1балл__Сәуір_айындағы_демалыс_күндерді_анықтайды_-1балл__Сәуір_айында_Әмірдің_күрес_үйірмесіне_неше_рет_баратынын_айтады-1балл'>1балл

  2. Сәуір айындағы демалыс күндерді анықтайды -1балл

  3. Сәуір айында Әмірдің күрес үйірмесіне неше рет баратынын айтады-1балл

Шығарып көр.

1) Арман 1 ші қыркүйектен бастап санап, жаңа жылдың неше айдан кейін келетінін білмекші болды.Оған көмектес.



Жауабы: 4 айдан соң.

2) 1қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды?



Жауабы: шілде

Бағалау критерий:Айлардың реті мен атауын,уақытты айлармен санап үйренеді.

Дескрипторлар:

1)Арманға көмектесу.Жаңа жыл неше айдан кейін келетінін анықтайды 1балл

2) 5 айдан кейінгі айды анықтайды-1балл

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тест жұмысын белгілейді-6 балл


Күнтізбелер

постер,

маркер,


стикер


Сабақтың соңы

7мин



Бағалау критерийі:

Уақыт өлшемдерінің арақатынасын анықтайды.

Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын ажыратады және өлшемдер жасайды

1-тапсырма Нүктелердің орнына тиісті шаманы жазыңыз.

1 сағ. = ... минут

1 ай = ... күн

1 жыл = ... ай

7 күн = ... апта

Дескриптор: -уақыт өлшем бірліктерін ажыратады – 2 балл

-нүктенің орнына тиісті санды жазады -2 балл

2-тапсырма Күнтізбеде белгіленген уақытқа сәйкес өлшем бірліктерін анықтап, байланыстырып сызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - уақыт өлшем бірліктерін күнтізбедегі белгіленген аралықпен дұрыс сәйкестендіреді- 3 балл

1)Оқу жылы 9 айға созылды. Ал оқушылар қалған уақытты жазғы

демалыста болды. Олар жазда неше ай демалады?



Жауабы: 3 ай

2) Өткен жылы Данияр 6 жаста болды. Ол қазір неше жаста? Ол 3 жылдан кейін неше жаста болады?



Жауабы: Қазір 7 жаста. 3 жылдан соң 10 жаста болады.

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

-Қазір қай ай?

-Бұл ай жылдың қай мезгіліне жатады?

-Осы айдың алдында қай ай өтіп кетті?

-Бұл айдан кейінгі айды тауып айт.

-Қай айда мұсылман халқының жаңа жылы болады?

-Ақпан айында неше күн бар?



постер,


маркер,

стикер


Рефлексия

3 мин


Оқушыларды балл арқылы бағалау

«Жетістік баспалдығы» арқылы кері байланыс







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет