Сабақтың тақырыбы: Қош келдің , Наурыз!
Сабақтың мақсаты:
түркі халқының ежелден келе жатқан төл жаңа жылы Наурыз туралы білімі мен біліктілігін арттыру;
оқушының ізденіс,іс-әрекетін қалыптастыру,ойлау,қиялдау,елестету,сөздік қорын дамыту;
ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға,оны білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта арқылы түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілі туралы иллюстрациялық сурет,жылдар кестесі (интерактивті тақта арқылы көрсету), наурыз мерекесі туралы дайын суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды үш топқа бөлу:
1.Алғырлар тобы.
2.Білгірлер тобы.
3.Тапқырлар тобы.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Көктем өлеңін үш топтан үш оқушыға оқыту.
Барлық топқа сұрақ қойылады.
1.Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?
2.Көктем айларын ата.
3.Көктемде қандай ерекшелік байқалады?
4.Биыл қай жыл?
5.Қазақша қандай атауға ие?
6.Көктемде қандай мерекелер бар?
Оқушыларды бағалау.
3.Жаңа сабақ.
Олай болса ,балалар, қазақ халқының жаңа жылы Наурыз да келіп қалыпты.Биыл тышқан жылы екен.
Балалар,біз бүгін Міржақып Дулатов атамыздың «Қош келдің,Наурыз!» атты әңгімесін өтеміз.Сендер жақсылап тыңдаңдар.
Міржақып Дулатов қазақтың көрнекті ақыны,қайраткері.Қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сарықопа деген жерде туған.Жалған жаламен айдауда қайтыс болды.
Ендеше ,жыл кестесіне көңіл бөлейік.
Бұрынғы заманда хайуанаттармен белгіленген.
Тышқанды сипаттау.Тышқан жиған-тергенін төгіп-шашпай жинақтайды.
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады.Мәселен,діни мейрам,ұлт мейрамы,мемлекет мейрамы секілді..
Наурыз –қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды,артықша дәлелді.Неге десеңіз,марттың ескіші 9-ында,жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі,қыс өтіп,жаз жетіп,шаруа кенеледі.
Бұл күнгі күнді жыл сайын осындай қуанышпен қарсы алып,ойнап-күліп өткізу үшін қазақ елі ерінбей еңбек етіп,мезгілін өткізбей егін еккен.Сонда ғана былтырғы,бұрынғы жылдардай қан жыламай,алдағы Наурыздарды да шын мейрам,шын шаттықпен өткізеді.
Ең бастысы жеті дәмнен Наурыз көже жасап ,дәм татқызады.Ән-күй,көкпар,бәйге,ұлттық ойындар ойналады.
4.Сергіту сәті
Ребустар шешу
5.Оқулықпен жұмыс
Үш оқушы үш топтан оқиды.Бөлімге бөліп ат қоямыз.
1.22 наурыз
2.Тіршілік арқауы
3.Қуанышты күн
6.Сөздікпен жұмыс
7.Ойын жинақтау.
Әр топқа тапсырма беру,топ мүшелері ойын жинақтайды,топ басшылары оқиды.
1.Наурыз айы.
2.Мал
3.Наурыз тойы.
8.Мақал-мәтел
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын»
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Бағалау.
9.Шығармашылық тапсырма.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Зат есім :қой,әже жаңбыр.
Сын есім :семіз,жүнді,әдемі.
Етістік :сойды,жайылды,төлдеді.
Жаңбыр жауды.Семіз қой төлдеді.Қой жайылды.Әжем әдемі тоқыды.
Ой,ой,ой.
Бүгін қызық той.
Ой,ой,ой.
Өрісте жүр қой.
Же,же,же.
Пісті Наурыз көже,
Қорада жүр шөже.
Тәтті болды көже,
Үйге кірді әже.
Быр,быр,быр.
Төгіп жауды жаңбыр.
Ыр,ыр,ыр.
Мен иледім қамыр.
Ау,ау,ау.
Бұзаулады сиыр,
Апам сауды сиыр.
Бағалау.
10.Қорытындылау.
-Қандай мейрам түрін білесің?
-Наурыз тойын кімдер тойлайды?
-Қазақтың негізгі күн көріс еңбегі не болған?
-Әңгіме ертеректе жазылғанын неден байқалады?
-Наурызды қарсы алуға кім қандай дайындықта?
Достарыңызбен бөлісу: |