Үштілді білім беруді енгізуде тиімді педагогикалық технология



Дата17.06.2018
өлшемі17,18 Kb.
Үштілді білім беруді енгізуде тиімді педагогикалық технология

Білім беру жүйесі - сынға көп ұшырайтын саланың бірі және онда болып жатқан реформалар ауыртпалықсыз өткен емес. Былтыр наурызда Қазақстанда ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім берудің үштілді жүйесіне көшуі бекітілді. Бұл өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңарту туралы мәселе қозғалған, мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. (1)Былтырғы жылы TENGRINEWS Е. Сағадиевке сұрақ қойды:

- Ал, ағылшын тіліне келсек, Қазақстанда ағылшын тілін білетін мұғалімдер жеткілікті ме? Е. Сағадиев : Қане, санап көрейік. Жоғары сыныпта төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін 32 мыңдай оқытушы қажет. Қазір елімізде 365 мың мұғалім бар. Егер әрбір жиырмасыншы мұғалім төрт жыл ішінде жаңа жүйеге икемделе алса, қажетті мұғалімдер санының жартысы қамтамасыз етілгені. Сол «әрбір жиырмасыншы мұғалім» қатарында өзім де тұрмын деп есептеп, «икемделу» әрекетімді тіл үйрену мақсатында педагогикалық технология ретінде өз әдістемемді қолдану жайында баяндағалы отырмын.

Мектеп және институт қабырғасында білім алуым кезінде шет тіл пәні есебінде неміс тілін оқығанмын.Сол себепті «үштілдікке» өздігімнен дайындалуыма «қадамдар» ойластыруға тура келді. Оқушыларымның ағылшын тілін меңгеру деңгейі менен жоғары болғандықтан,солардың біліміне сүйеніп тілдесу арқылы үйренуді жөн көрдім.Мұнда екіжақты тиімділік байқалады:оқушы мен мұғалім бірі-бірінің тіл меңгеруіне септігін тигізеді.

Арнайы әдебиеттермен танысу барысында осындай әдісті коммуникативті деп аталатынын білдім. Коммуникативті әдістің басты мақсаты-алғашқы кезеңде сөйлеуді,кейін грамматикасына көңіл бөлуді көздегені мен үшін тиімді болды.

Коммуникативті әдістеме тілді меңгерген тұлғаның қатысуын талап етеді,себебі оның негізінде тілдесу болып табылатыны белгілі.Ондай тұлға рөлін сырттай кеңес беріп отыратын ағылшын пән мұғалімі атқара алады.

Сабақ барысында ағылшын тілін пайдалану ойын түрінде өтіп,қателесудің баға мен басқа да жағдаяттарға әсері болмайтындықтан оқушылар өздерін еркін ұстайды.Кез- келген тілді үйренудің алғашқы қадамы – көп мөлшерде сөз бен сөз тіркестерді жаттау болса, аталған әдісте ойын түрінде есте сақтату нәтижесінде қол жеткізу болып табылады. Маған ережелерді жаттау орнына өзімізді еркін ұстап, еркін тілдесуге жетелейтіні ұнады.
1-ші қадам: Алғашқы әрекетті сабақтың басталу мен аяқталу кезеңінен «сәлем» және «сау бол»-ды айтып үйренуден бастадым. Әр сабаққа арнап жасалған PowerPoint презентациямның басы мен соңынды сәлемдесу мен қоштасуға арналған слайды орын алғандықтан,естен шығуы мүмкін емес болады. Оқушыларым ойын ретінде қабылдап,белсенді атсалысты.

2-ші қадам:Қарапайым,жаттанды түрде айтылатын сөйлемдерді қостым.



  • Кім кезекші?

  • Кім сабаққа келмеді?

  • Үй тапсырмасы қандай?

  • Good morning — Қайырлы таң

  • What’s this called? — Бұл қалай аталады?

  • What’s this? — Бұл не?

  • How do you say … in English? — …ағылшынша қалай аталады ?



3-ші қадам:Кешігіп келген жағдайда рұқсатты ағылшын тілінде сұрауды талап еттім...

May I come in? [мэй] [ай] [кам] [ин]? – Кіруге бола ма?

Sorry for being late. [сори] [фо] [биин] [лэйт] – Кешіккенім үшін кешірім сұраймын.

May I go out, please? [мей] [ай] [гoу] [aут], [плиз]? – Шығуға бола ма?


4-ші қадам: Баршамызға таныс «Полиглот» тапсырмасын енгіздім. Сабақтың негізгі тапсырмалардың бірі ретінде де қолдануды жоспарладым. Сынып оқулықтарында параграфтардың орта саны 60-70-ті құрайды. Әр параграфта 4-8 жаңа сөздер мен терминдер кездесіп, бір оқулық құрамында 500-дей болады.Бір мезгілде бұндай көлем сөзді есте сақтау мүмкін емес.Сол себепті үй тапсырмасына қосымша жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді орыс,ағылшын тілдеріне аударуды тапсырып,сөздік арнаттым.
5-ші қадам: Бүгінгі сабақта үш тілде жазылған термин сөздер

(1.Бүйрек. Почки.Kidney

2.Несепағар. Мочеточник.Ureter

3.Қуық. Мочевой пузырь.Bladder ),келесі де тек ағылшын тілінде болады(1.Kidney 2. Ureter 3.Bladder).Бұл әдіс терминдерді сөздікке жазу мен жаттауға ынталандырады.
6 -қадам: Жаңа тақырыпты PowerPoint презентациясында үш тілде жаза бастадым,мысалы:

«Адамның зәр шығару жүйесі.Мочевыделительная система человека. Human urinari system.» Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тек қазақша жазылуын түсіреді.Дегенмен, шет тіліндегі жазуларды еріксіз турдегі айтылым, оқылым және тыңдалым нәтижесінде есте калу ықтималдылығы жоғарылайды.
7- қадам: Ағылшын тіліндегі тақырыптарға сай видеоматериалдарды,презентациялар мен иллюстрацияларды қолдануды жоспарлаудамын.

Аталған әдістерімнің ашылған жаңалықтығы жоқ болғанымен, кунделікті жұмыс барысында ізденісте жүрген ұстаздарға ойтүркі боларына,



күнделікті сабақтарда ойын ретінде пайдалану - тіл меңгеруде айтарлықтай септігін тигізетініне сенемін.
Каталог: uploads -> doc -> 0e92
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет