Биология пәнінен сабақ жоспары
Сабақ: 1
Тақырыбы: Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?
Жоспар: 1 Тірі ағзаларға тән қасиеттер
2 Олардың маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады. Әрбір жасушадағы цитоплазма жаңа заттарды өзіне сіңіріп, оны түрлі химиялық өзгерістерге ұшыратады, жаңа
Эмбриональды өсу – сабақ тамыр ұштарында болатын түзуші ұлпалардың жас жасушалары демалыссыз бөлініп көбеюі.
Созылу кезеңінде жасушалардың мөлшері бірнеше жүздеген есе ұлғаяды.
Жіктелу кезеңі сыртқы орта жағдайларымен тығыз байланысты. Әр түрлі жағдайдың әсерінен өсімдікте және оның жеке мүшелерінде анатомо-морфологиялық құрылымдар пайда болады. Мысалы, ылғалы аз жерде өсетін өсімдіктің жасушалары өте майда болғандықтан өсуі де баяулайды, ал жарық жетіспесе жасуша шектен тыс созылады да, өткізгіш, тірек ұлпалары баяу өсіп, жапырақтары кішкене күйінде қалады.
Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.
Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды.
ІV. Бекіту. Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді.
Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
Үй тапсырмасы. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы, мазмұндау
Достарыңызбен бөлісу: |