Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы; жалғау турала жалпы мағлұмат беру



Дата05.07.2018
өлшемі93,5 Kb.
#47259
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы; жалғау турала жалпы мағлұмат беру

А) білімділік: Оқушыларға зат есімнің септелуін сызба арқылы білім негіздерін қалыптастыру.

Ә) дамытушылық: Сұрақ- жауап, шығармашылық жұмыс, өз бетінше жұмыстарды орындату арқылы ой- өрісін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: Ата-бабамыздың салт дәстүрі арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, сызбамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, сұрақ қою-қайта сұрақ қою, талдау.

Сабақтың түрі: Жаңа білім игеру сабағы

Сабақтың типтері: Аралас сабақ

Көрнекілігі: сурет, компьютер, қамшы

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, этнография

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сергіту сәті.

«Жақсы тілек- жанды жадыратар» оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

24-жаттығу .Шарты: мәтіннен қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздерді байланысып тұрған сөзімен бөліп жазу. «Боз інген» күйін тыңдау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. (ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру)

1.Тіл ғылымы неше саладан тұрады?

2.Сөз тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сөз таптарын ата.

4.Зат есім дегеніміз не?

5. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

6.Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

7. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

8.Жалғау дегеніміз не? Оларды ата.

9.Көптік жалғау.

10. Тәуелдік жалғау .

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді. Қазақ тілінде 7 септік бар.

Септік жалғауының мағыналары:

Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін немесе қатысты екенін білдіреді. (Қайраттың кітабы, алма ағашы)

Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. (Айзат мектепке келді)

Табыс септігі обьектіні білдіреді. (Мен сөмкені алдым)

Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді.(Омар қалада тұрады)

Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді.

(Мен әкемнен алма алдым)

Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. (Мен атпен келдім)

Септелудің екі түрі бар: жай септелу, тәуелді септелу.

Жай септелу-сөздердің түбір күйінде септелуі.

Тәуелді септелу-сөздердің тәуелденіп барып септелуі.

Орхон-Енисей ескерткішінде де жеті түрлі септік болған.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

25- жаттығу. Шарты: өлең мәтінін рөлге бөліп оқу (ауызша)

26- жаттығу. Шарты: өлеңді дәптерге көшіріп, сөз құрамына талдау.

27- жаттығу. Берілген сөздерді ауызша септеу.

ҮІ. Сергіту сәті. (сиқырлы қамшы)

28- жаттығу. Шығармашылық жұмыс.

І топ- Мәтінге ат қою оны дәлелдеу.

ІІ топ- Мәтінді жалғастыру.

ІІІ топ- Автордың негізгі айтар ойы.

29- жаттығу. Шарты: сөздерге барыс септігін жалғап көшіру.

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту.

30- жаттығу.Шарты: көп нүктенің орнына септік жалғауын жалғап жазу.

ҮІІІ. Қорыту. (Сұрақ қою- қайта сұрақ қою)

Оқушылар бір-біріне қарсы сұрақ қояды.

ІХ.Үйге тапсырма: 31,32- жаттығу. Өз бетінше жұмыс «Ойлан. Ізден. Тап»

Х.Бағалау. Оқушыларды марапаттап, бағалау



Қазақ тілі 8 класс

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Құрмалас сөйлем, олардың байланысу тәсілдері мен құрамын үйрету;

ә) дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ізденуге,шығармашылық қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: Оқушының жазу сауаттылығын арттыру. Ата-мекеніміздегі жер-су аттарын ежелгі атауларын балалармен бірге зерттеп,туған халқымыздың төл тарихына қатысын бала санасына жеткізу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Алған білімді нақтылау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап, жазба жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сызба, компьютер.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) үй тапсырмасының орындалуын бақылау



2.Жаңа сабақ

Ең алдымен, балалармен бірлесе отырып, сөйлем,жай сөйлем туралы білетіндерімізді еске түсіріп ережелерін қайталаймыз.Содан соң ғана сабақты түсіндіре бастаймын.Балалар, енді бүгін біз «Құрмалас сөйлемді» өтеміз.Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып, екі үлкен топқа бөлінеді.




Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ( кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдірсе




Құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.


Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады:


1.Ұласпалы(тиянақсыз) интонация арқылы байланысады.Мысалы:Ақбасты елді мекені«Құланды» кеңшарының орталығы болып белгіленді де,Сексеуіл қыстағындағы ферма Ақбастыға

2.Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.Мысалы:Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті,өйткені,ол оның туған жері Ақеспеге келіп қонған еді.

3.Құрмаластың құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлемнен құрмаласа байланысады.Мысалы:Сарыбұлақ мекені малға жайлы болса,біз көшіп баруға даярмыз.Мұнда бірінші жай сөйлемнің баяндауышы болса деген шартты рай формасында келіп,екінші жай сөйлеммен байланыстырып тұр.


Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдері мен құрамына қарай





Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара тең дәреже де (бір-біріне бағынбай) байланысады, әр-қайсысының баяндауыштары тиянақты болады.Мысалы: жүргіншілер Боқайға кештетіп жетіп еді,қонатын үйлері әлі жата қоймаған екен.Бұл мысалдағы салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің құрылысы дербес айтылатын жай сөйлемдерденөте ұқсас келеді.

Сабақтас құрмаластағы бірінші жай сөйлем екіншісіне бағына байланысады, яғни, алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады. Мысалы: Шәрбала далаға шықса, көз ұшында Тербенбес шыңы мұнартып тұр екен. Бұл сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін екіншілерінен бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені шықса (шартты рай), деген баяндауышы тиянақсыз. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде өш жай сөйлем болады, олар бір-бірімен сабақтасып та, салаласып та байланысады. Мысалы: Біз Жиделі сайға жақындай бергенде, ол жақын қалған мекенді көрсетіп еді, барлығымыздың назарымыз сонда ауды. Мұнда бірінші жай сөйлем екіншімен сабақтаса байланысқан; сондықтан бқл – аралас – құрмалас сөйлем. Руслан Сексеуілге келе жатыр еді, алдынан Самат шыққан соң, екеуі дереу Үкілі сайға қарай жол тартты. Мұндағы бірінші жай сөйлем соңында тұрған сөйлемдерге бағынбай, салаластағы сияқты, тиянақты айтылған; ал екінші сөйлем өзінен кейінгі сөйлемге бағына байланысып тұр. Демек, бұл мысал да аралас құрмаласқа жатады.

3.Дағдыландыру жұмыстары:

А) Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу

Ә) Жер-су атауларын қатыстырып 3-4 аралас құрмалас сөйлем жаз.

Сосын үш оқушыға карточка беремін.Ол оқушы бұл карточка бойынша келесі сабаққа дайын болуы керек.



1-карточка.

1.Сен қай жерде дүниеге келдің? Ол жердің неге олай аталғандығын білесің бе?

2.Өз жеріміздегі қандай су аттарын білесің бе?(өзен,көл,бұлақ т.б.)

2-карточка.

1.Сенің ата-анаң қай жерде туып-өскен? Ол жердің бұлай аталуы неде?

2.Өз жерімізде қандай тау,қырат,төбе,сай атауларын білесің?

3-карточка.

1.Ауылымыздағы қандай көшелерді білесің?

2.Өз ауданымыздағы бір жер-су атауын халық арасындағы аңыз-әңгімеге қатыстыра әңгімеле.


4.Үйге тапсырма беру:

Үйге, 2-жаттығу және өздерің турған көшелердің картасын сызу.


5.Оқушыларды бағалау:

Сабақ барысында сабаққа жақсы қатысып, белсене араласқан оқушыларды қосымша сұрақтар бере отырып,бағалау жүргізіледі.



Әдебиет. 5 класс

Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. Асан Қайғының жерұйықты іздегені

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Аңыз әңгімелер мен Асан Қайғының өмірі туралы мағлұмат беру.Білімді өздігінен меңгеретін және сол білімді өмірде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен ізденуге үйрете отырып, ой-қиялын дамыту.

3.Тәрбиелік: Өзіндік шығармашылыққа, ішкі белсенділікке, Ата-мекеніміздегі жер-су аттарын ежелгі атауларын зерттеп,туған халқымыздың төл тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс,талдау,салыстыру,орнында тыныш отырып жауап беру әдісі.

Сабақтың түрі: Бағдарламалы оқыту(компьютер)

Сабақтың көрнекілігі: Оқушы жұмыс дәптері,Қосымша әдеьиеттер,компьютер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өтілген материалдарды пысықтау. (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:


Ауыз әдебиеті Жазба әдебиеті


Батырлар жырау



Аңыз әңгімелер


Ғашықтық жырлар



Шешендік сөздер

Ақындар айтысы



Жұмбақтар

Тұрмыс-салт жырлары



Ертегілер

Мақал-мәтелдер


Бесік жыры


Тусаукесер

Жар-жар

Той бастар


Беташар

Жоқтау

Бата-тілек


3.Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз.

Аңыз әдебиетінің бір алуан саласы-аңыз.Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.



Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы,Жиренше,Қорқыт,Жошы хан сиякты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден-біреуге ауызша айтылатын аңыз болып кеткен.Енді осылардың ішінен қазақ даласындағы ғұлама жұрауларының бірі-Асан қайғы.Асан өз заманының асқақ ақылгөйі.Асан атына «қайғы» деген сөз қосулы да оның халық қайғысын,мұң-арманын, оның тағдырын ойлаумен адам екенін аңғарамыз.Шын есімі-Хасан Сәбитұлы.Асан қайғы желмаяға мініп жихан кезіп «жерұйық» деген ну орманды,көкорай шалғынды, сулы жер,қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.Жүрген жерінде жақсы-жаман қонысқа баға беріп отырады.
Асан қайғының жүріп өткен жерлері


Баянауыл


Шыңғырлау



Жетісу

Талас


Маңғыстау



Жезқазған

Қарсақбай

Әулиеата

Қызылорда

Ақмешіт


Жуалы

Ауан


Түркістан

Сауран


Мерке Аспара

Келес

Шу

Ұлытау


Біздің қазақ-жер аты,тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қо білген жұрт.Қайда,қандай бір өлкеге жер-су, Қорым,жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына шешілмеген құпия сыр жатады.(М.Әуезов)

Ғылымда жер және су аттарының аталу себептерінен хабар беретін аңыздар арқылы әр атаудың халықтық этимологиясы тіл білімінің ономастика (жалқы есімдердің пайда болуымен өзгеруінің тарихын зерттейті бөлім).Ғылымының топонимика деген бөлімі қарастырады.


4.Дәптермен жұмыс.
А) Деңгейлік тапсырма.

1.Асан қайғы туралы не білесіз?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2.Жерұйықты іздеудегі мақсаты,арманы

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3.Ақмешіт (Қызылорда) жерін көргенде қандай баға береді?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ә) Деңгейлік тапсырма

1.Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Әркімнің туған жері жерұйық дегенді қалай түсінесің?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Б) Деңгейлік тапсырма.

1.Қызылорда қаласының ежелгі атауларын атап беріңіз?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Тіл алсаң іздеп қоныс көр,

Желмая мініп жер шолсам.

Тапқан жерге ел көшір,-осы өлең жолдарына морфологиялық талдау жасау.

В) Деңгейлік тапсырма

«Туған жер» тақырыбына эссе жаз.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Енді оқушыларға өз жеріміздегі топонимдердің шыығуы,тарихы,аталу себептері жайлы аңыздар турасында әңгімелесемін.оларға мысал ретінде,өзіміз тұратын Қызылорда қаласының ежелгі атауларын білесіңдерме?-деп сұрақ,олардың айтқандарын тиянақтап,Арал туралы не білетіндерін сұрап,сосын арал ауданына қарасыты «Құланды» кеңшарының тарихы туралы әңгімелеп беремін

6. Үйге тапсырма беру.

Үйге: 1.«Асан қайғының жерұйықты іздегені» мәтінін оқып мазмұнын айту



2.Әрбір оқушы өзінің немесе ата-әжелерінің жер-су туралы,солардың ішінде біреуінің халықтық аңызбен байланысын қағаз бетіне түсіріп жазу.

7. «Бағалау парағы» арқылы оқушылардың білімін бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет