Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру



бет24/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
Рефлексия оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.

Бағалау мен бақылауға қойылатын талаптар:
- тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
- әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
- оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау беріп, баға қоймайды.
- оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
- білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
- байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
- мұғалімнің оқушылардың білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
- бағаның әділ қойылуы;
- оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
- әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
- бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет