Дене бітімінің типін анықтаудан басталады, себебі ол организмнің нервтік, эндокриндік және басқа да жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты, калыпты дене бітімімен біте келесі оның типтерін ажырату керек: 1) инфантильді, 2) гиперстениалық (пикникалық); 3) интерсексуалды, 4) астениалық.Гиперстениалық типіне бойъшың биік емес болуы (орташа), аяғының ұзындығы дене ұзындығымен салыстырғанда аз ерекшеленеді. Арқаның кифозы айқын емес, бел лордозы жоғары орналасқан, иық белдеуі салыстырмалы тар. Тері асты мен май қабаты жақсы дамыған. Әйел организмінің арнамалы қызметтері көп жағдайда өзгермеген.Инфантильді типінде жалпы жетілмеу белгілерінсіз жалпы (универсальды) және жыныстық (генитальды) инфантилизм болады. Инфантильды тип бойынын кіші болуымен, сүт бездерінің дұрыс жетілмеуімен, жалпы біркелкі тарылған жамбаспен сипатталады. Алғашқы етеккірі әдеттегі мерзімнен кеш басталады, етеккірі ретсіз және ауырсынудың болуымен сипатталады.Астениалық типке барлық бұлшықет және дәнекер ткандері жүйесінің анатомиялық және функционалді әлсіздігі тән. Астениалық типті әйелдерде жамбас түбінің және аралықтың бұлшықет және дәнекер тканьды аппаратының әлсіздігі байқалады, жиі етеккірдің күшеюі, ұзаруы жәые ауырсынуымен жүруі тән.Интерсексуальды тип жынысының дифференцировкасының, әсіресе екіншілік жыныстық белгілерінің жетіспеушілігімен сипатталады. Әйелдердің бұл типіне еркек организміне тән физикалық және психикалық белгілер тән. Интерсексуальды типті әйелдерде тері жамылғысының түктері күшті дамыған, еркек тип бойынша, бет-әлпеті ер адам тәрізді, жыныс мүшелері гипопластикалық болады. Көрсетілгенконституция типтерінің ішінде әртүрлі өтпелі варианттары болады, оларға дененің әртурлі типтеріне тән белгілі бір белгілердің комбинациясы тән.