20. Математиканы оқытудың педагогикалық негіздері
Әдістемелік тұрғыдан педагогикалық әрекет жайлы берілген пікірлерден О. Анисимованың позициясына ерекше көңіл аударуға болады. Оқушы әрекеті мен тұлғаны басқаруды жандандыратын мұғалім болғандықтан, оның оқытудағы әрекетінің спецификасын, ұйымдастыру ұстанымдарын ашу міндеттеледі. Мұғалім басқару әрекетін оқушыға қатынасты іске асыра алады. Бір жағынан басқару әрекеті, басқару мақсатына бағынышты. Сондықтан бастапқы болған және соңғы немесе басқару объектісінің жағдайларының көрсеткіші қажет. Оқытуда өзгеріске түсетін оқушы үйренушінін қабілеті (білімі, операция, мотиві) Екінші жағынан оқушының қабілеті әрекет барысында ғана өзгереді. Мұғалімнің басқарушылық әсері оқушы қабілетіне, оның әрекетіне әсер ету арқылы қозғау сала алады. Басқару әрекетінде мұғалім әрекетінің қызметі оқушы қабілетіне байланысты болатынын ұмытпау керек. Үшінші жағынан, әрекетті құру, қайта құрастыру педагогикалық қабілетінің сайлығына қарай іске аспақ. Егер педагог те ондай болмаса, ол өзінің педагогтық қызметін атқара алмайды. Сондықтан мұғалімнің оқытушылық шеберлігі әрекетті ұйымдастыру, яғни операция жүйесі, мотивті кез – келген жағдайда өзгерту, қайта құрастыру шеберлігімен бағаланады және оны оқушыға икемді, қолайлы түрде ұйымдастыра білуі қажет. Мұғалім құрастырған тапсырмадан оқушы өзінің жеке жоспарына қажеттісін көре алса, дамудың алыс, орташа, жақындығын сезіне білсе, қанағаттанарлық нәтижесі болып жатады.
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр – сипатын, мән – жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну дегеніміздің өзі де әр нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына шәкірттің көзінің жетуі, соған жете түсінуі. Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жай жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушыда талдау (анализ), жинақтау (синтез) тәсілдерінің әлі де онша дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкір ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткізілксіз көңіл бөлетін болса, ондай да оқушы материалдың бір - бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді,әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай – ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрыңғы материал мен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлұматтың іс жүзіндік мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау үрдісін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген өорытынды шықпайды. Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір – бірімен салыстырғызып, талдатып – жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал материалды өз күйінше жаттап алу, оның ішкі мәніне бара бермеу, балада жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді. Мына жағдай есте болуы тиіс. Егер жас баланың әлеуметтік мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни, оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып – білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл – ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септігін тигізе алады. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылайша дамуынан білім мен дағдыға, икемге қанығудың негізі қаланады. Баланы өзіндік ой санасы қалысптасқан, кез келген жерде сөзін өткізе білетін жан – жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелейтін білім әрекет арқылы іске асады. Өзідігінен ізденіп жасайтын жұмыс баланы әрекетке түсіреді. Яғни, оқушылардың өздігінен танымын белсендіру құралы әрекет деп тануымызға болады. Адам әрекетіне берілген мұндай мінездеме әрекетте адамды субъекті ретінде жол ашады. Адам әрекет арқылы нағыз деңгеәне көтеріледі, адам болып құрылады, дамиды. Әрекет объектілік және субъектілік жағынан бұзуға келмейтін бірліктен тұарды. Объективті тұрғыдан қарағанда адамның мақсатынан әрекет туындайды, бірақ сол әрекет субъекті іске асыратын бүкіл үрдісті анықтайды. Бала әрекетті іске асыруға өзі кіріскенде ғана тұлға – жеке адам әлеуметтік бірлік субъект болып өсіп, адамдық – әлеуметтік әрекет жасай алатын шаққа жетеді. Адам сыртқы әрекетке, яғни пәнде қарастырылатын теорияға қарап қалмауы керек, ол пән қарастыратын объекті емес, керісінше, әрекеттін ішіне үңілетін, яғни пәнді қаратыратын, оны өз байдасына шешетін субъект. Мұндай қатынас - жеке адамның белсенді өзара әрекет қатынасы. Ол өзара келісімділіқ ниетіндегі қатынас күшінен туындайды. Бір тұлғадан екінші тұлғаға бағытталған белсенді әрекет оған сол жолдар арқылы қайтып оралады, басқа тұлғадан озіндік түрліктегі жолдар арқылы өзіне келеді. Баланың өзіндік дамуына әсер ететін күшті фактор – ол қарым – қатынаста, ынытымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым қатынастың дұрыс байланыста болмауы баламен қосымша шығармашылық қатынас жасауына үлкен кедергісін тигізеді. Мұғалім әрекеті үнемі және ұзақ қарым – қатынасты ұстанады, сондықтан мұғалімнің неғұрлым шыдамды, түсінігі кен, мейірімді болуына тура келеді. Әр баланың ыңғайына төселе білуі керек. Сондай - ақ мұғалімнің сөйлеу мәдениеті биік деңгейде және айтқан әрбір сөзі анық, түсінікті болуы тиіс. Сөйлеумен қатар ойды жеткізуде үлкен роль алатын сырт келбетімен мимикасыда келісті болуы шарт. Ұстаздың дұрыс қарым – қатынасының нәтижесінде оқушының танымдық белсенділігі артып, оқу үрдісіне деген дұрыс көз қарасы қалыптасады, сонымен қатар шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |