21. Оқушылардың математикаға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқыту процесі шығармашылықпен үйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және де есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады. Оқушылардын өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және кажеттілігінен туындайды. Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет: 1) оқулықтағы материалды оқу;
2) тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру;
3) бір тақырып бойынша баяндама жасау;
4) бақылау жұмысына, емтиханга жақсы дайындалу;
5) таңдап алынган тақырыпқа өз бетімен зерттеу жүргізу;
6) тақырыптагы құбылыстарды түсіну;
7) тақырыптардагы нақты сұрақтарды тереңдетіп қалыптастыру;
8) техннкалық құрал – жaбдыкmар мен жұмыс істеп, тәжірибе жасауды үйрену;
9) қабілетті көрсету және дамыту;
10) тақырып бойынша ecenmepдi немесе проблемаларды шешу.
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистербергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
- оқушылардың өмірімен байланыста болады;
- оқушылардың қызығушылығын тудырады;
- оқытудың мақсатына барынша сай келеді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
1) тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау
2) арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру
3) оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар)
4) берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.)
5) әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу
6) қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту
7) мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Сондай - ақ дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап есеп құрастыр» т. б. ойындар оқушыларды ойлауға төселдіріп, ойлау қабілетін дамытуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |