Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру



бет37/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:


1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша
әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар
тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін
анықтау;
7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес
жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада
немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін
анықтау;
13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу
түрі мен әдісін таңдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет