Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


Математика сабағын ұйымдастырудың жаңа технологиялары



бет40/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
33. Математика сабағын ұйымдастырудың жаңа технологиялары

Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.

Мaтематика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

- Қолдaнушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

- Оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

- Ақпaраттық - әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады.

Интернет ресурстарын математика сабағында қолданудың тиімділігі:



  1. Сабақта кең көлемдегі ақпараттарды қолдану мүмкіндігі пайда болады;

  2. Оқу материалдарын жаңа мәліметтермен тез толықтыру қамтамасыз етіледі;

  3. Сабақтар қызғылықты, сапалы, нәтижелі болады;

  4. Оқушының бағасы мұғалімнің ойына тәуелсіз және әділ болады;

  5. Оқушыда оқуға деген құлшыныс артады.

Ақпараттықтехнологияның мұғалімдерге берер мынадай мүмкіндіктері байқалды:

  • Жеке тұлғаны қалыптастырудада жауапкершілігі артады;

  • Инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс - тәсілі артадыжас мамандардың қызығушылығын туындатады;

  • Мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;

  • Интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс - тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;

  • Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі:

  • Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан - жақты жетілдіреді, дамытады;

  • Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

  • Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

  • Ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;

Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Мұндай презентацияларға, әсіресе, геометрия сабақтарында стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта чертеж салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет