29. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формалары
31. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері
38. Оқушылардың жеке жұмыстарының түрлері
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыс
өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары
мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз
еркімен және қалауымен істеуі;
- оған әсер ететін мотивтер.
Достарыңызбен бөлісу: |