Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады



бет49/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс.

Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарға сəйкес, біз оларды: үйретуші, жаттығу, бекітуші, қайталау, дамытушы, шығармашылық, бақылау өзіндік жұмыстары деп бөлуімізге болар еді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет