Мұғалімнің шешімі бойынша. Мұндай топ құру кезінде социометрия деректеріне сүйенген жақсы.
Топтық оқытудың кемшіліктері:
Топтарды жинақтау қиындықтары – көбіне бір топта әртүрлі деңгейдегі оқушылар отыруы мүмкін және топтың барлық қатысушылары үшін бірдей баға нақты оқушының үлесін көрсетпейді, яғни әділ емес;
Деңгейі жағынан топтар да бірдей болмауы мүмкін, мұны күрделілігі әртүрлі тапсырмалармен түзетуге болса да, бағаны «өлшемдік» толықтыру. Оның сараланғандығы проблемасы туындайды;
Топтағы оқушылар күрделі оқу материалын өз бетінше талдап, оны оқудың ең үнемді жолын таңдауға шамалары келе бермейді. Нәтижесінде үлгерімі төмен оқушылар материалды әзер меңгереді, ал мықтыларға қиынырақ, айырықша тапсырмалар, мәселелер қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |