Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


-8 сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі



бет44/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
36. 7-8 сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі

Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.

Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс:

1) Математиканы не үшін оқыту керек?

2) Нені оқыту керек және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?

3) Математиканы қалай оқыту керек?

Осыған сәйкес математика әдістемесі үш негізгі кешенді проблема туындайды. Олар:

1) мектеп (немесе басқа оқу орны) математика курсының мазмұны жайлы проблема;

2) осы курстың құрылымы туралы проблема;

3) оқыту әдістері жайлы мәселе. 

7-8 сыныптарда математика пәні алгебра және геометрия курстарына бөлініп оқытылады. 7-8 сыныптарда алгебра пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат болса, геометрия пәні бойынша аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. Алгебра пәнінде 7 сынып – 8 тарау, 8 сынып – 8 тарау, ал геометрия пәнінде 7 сынып – 6 тарау, 8 сынып – 6 тарауды қарастырады.

7 сынып алгебрасында «Бүтін көрсеткішті дәреже», «Қысқаша көбейту формулалары», 8 сыныпта «Квадрат теңдеу» сияқты тарауларға түсінік қалыптастырады. Ал 7 сыныпта геометрия пәнінде геометрияның негізгі ұғымдарынан бастап «Шеңбер» тарауымен аяқтайды. 8 сыныпта көпбұрыштар, аудан сияқты ұғымдармен танысады.

Жалпы, 7-8 сыныптардағы математиканы оқыту әдістемесін екі бөлімге бөліп қарастырамыз:


  1. Жалпы әдістеменің жеке мәселелері

  2. Арнайы әдістеменің жеке мәселелері

Жалпы әдістеменің жеке мәселелерінде тарауда кездесетін мәселелер қаралса, ал арнайы әдістеменің жеке мәселелерінде тақырыпқа байланысты мәселелер қарастырылады. Мысалы, «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын оқытудың бірнеше әдістері бар. Қазіргі мұғалімдерден талап етілетіні – сол әдістерден ең тиімдісін іздене отырып, оқушыларға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет