Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру



бет5/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман
1536131412, 2-дәріс мәтіні, сценарий-TBL-рахит
Қазіргі сабақтың белгілері:

  • Қазіргі сабақ - қоғамдық сұранысты орындауға бағытталуы тиіс.

  • Оқытушының барлық әрекеті психология ғылымдарының соңғы жетістіктері мен педагогикалық іс тәжірибелерді есепке алып ұйымдастырылуы тиіс.

  • Көп жоспарлы мақсат, міндеттердің болуы: яғни іс әрекет қандай нәтижеге бағытталған: білу, тану, оқып, үйрену, меңгеру, қателіктерді азайту т.б.

  • Оқытуға шығармашылық, іс әрекет тұрғысынан келу.

  • Қазіргі сабақ жүйелі, жалпы, білімді және іс әрекет әдістерін талап етеді. Білім не нәрсенің болмасын мәні мен заңдылығын көре білуге көмектесуі тиіс. Оқытушы сабақтың қай кезеңінде қандай  оқыту әдісі, формасы т.б. оң нәтиже берді соны нақты анықтай білуі тиіс.

  • Қазіргі сабақ білім алушылардың шығармашылық, танымдылық қызметіне ден қояды. Енді оқытуға емес, оқуға салмақ көп түсірілуі тиіс және оқушы белсенділігі назарда болуы тиіс.

  • Қазіргі сабақта білім алушылардың жас ерекшелігі ғана емес, әсіресе қабылдау ерекшелігін ескеру талабы қойылады.

  • Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Сабақта жағымды атмосфера, көтеріңкі көңіл-күйдің болуы

  • Қазіргі сабақ - білімді құндылық ретінде түсінуге әкелу

  • Қазіргі сабақ - диалог, интерактивті оқыту формасына негізделген, қозғалмалы үрдіс. Ол жүйе бойынша оқытушы: «көмекші», «ұйымдастырушы», «қорғаушы», «сарапшы».

  • Қазіргі сабақ жеке тұлғаға бағытталуы тиіс және әр білім алушының жеке дамуы мен жағдай жасалуға бағытталуы тиіс.

  • Қазіргі сабақта гуманизм мен білім беруді гуманизациялау идеясы іске асуы керек

  • Қазіргі сабақта педагогикалық технологиялардың қолданылуы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет