Білімді тәжірибедеқолдану сабағы
Оның кезеңдері:
- ұйымдастыру;
- мақсат қою;
- үй тапсырмасын тексеру;
- білімді еске түсіру;
- білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
- оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
- үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі.
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады. Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.