Жазылар естеліктер мен туралы



Дата16.01.2022
өлшемі13,85 Kb.
#112270
Байланысты:
Жазылар естеліктер мен туралы


Жазылар естеліктер мен туралы.

Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, адам көңілінен ерекше орын алып,жақсы әсер қалдыратыны рас.Қазақтың тарихын паш етіп өскелең ұрпаққа,адамдық пен адалдықты насихаттаған ақындарымыздың бірі - Мұқағали атамыз.

Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал - адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын өз шығармаларында табиғат көріністерін,әділдікті,сұлулықты және адами қасиеттерді ту етеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.

“Жазылар естеліктер мен туралы...” деп өзінің айтқанындай бүгінде бірге жүрген, көріп білгендерінің ішінде Мұқағали жайлы естелік жазбағандары кемде-кем.

Мұқағалидың осы шығармасын жазудағы басты мақсаты қандай?Мұқағали атамыз осы шығармасы арқылы оқырманға немесе оның өмірін зерттеушіге ‘кімде-кім менің өмірбаянымды,менің шығармашылығымды зерттегісі келетін болса,онда ол жан мен не жазсам, соның бәрін оқып шыққайсыңдар”- деген екен.Ол әрбір шығармасын бір-бірімен байланыстыра білген.Әрбір шығармасы белгілі бір оймен,сол мезеттегі көңіл-күй арқылы дүниеге келген.Ақын оқырманнан шығармаларын өзінен бөлмей бір деп қарауды сұраған.Себебі ол үшін жеке өлеңнің ешқандай маңызы болмаған.Оның барлық шығармасы поэма іспетті біртұтас туынды.

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем.

Ақые орта   мектепті  бітірген  соң өте  сауатты, өткір болғандықтан  ауылдық кеңесте  хатшы, қызыл  отаудың меңгерушісі болып жұмыс  істейді. Комсомол  қызметінде  болды. 1962-1972  жылдар  аралығында « Социалистік  Қазақстан», « Қазақ әдебиеті» газетінде, « Мәдениет  және тұрмыс», «Жұлдыз»   журналдарын-да  бөлім  меңгерушісі,
1972-1973  жылы Қазақстан  Жазушылар  Одағында   әдеби   кеңесші болып  жұмыс  істеді.

М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.Қазақтың мақтанышы,дара тұлға.Әрбір шығармасының астарында ерекше мән-мағына бар.



Сонымен, түйіндеп айтқанда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М. Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнек салар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шындығын көреміз, көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет