Бірінші сынып оқушысының сөмкесі. Бірінші талап – мықтылығы мен пайдалануға жеңіл болуы (жуылатын, су өтпейтін, сыйымды, (теріні алмастыратын және пленка қажет емес)
Тұтқасы мықты, қайып тігілген, ұзындығы 4 см реттеліп отыруы қажет.
Реттелетін элементтері боуы қажет (темір немесе мықты пластиктен жасалған)
Баулары, ілгектері мен сыдырма ілгектерге де осындай талаптар
Сөмкесі тасуға ыңғайлы болуы қажет
Сөмкенің арқаға келетін жағы жалпақ және жұмсақ болуы қажет (сөмкенің арқасы ортопедиялық болғаны дұрыс)
Сөмкенің түбі жалпақ және мықты болуы керек
Сөмкенің салмағы баланың салмағынан 10% асуға болмайды (бос сөмке салмағы жеңіл 500-800 грамм болуы керек), дөңгелекшесі болуы мүмкін.
Сөмкенің ені бірінші сынып оқушысының арқасынан жалпақ болмауы керек.
Сөмкені келесідей толтырасыз: оқулықтар және кітаптар – арқаға жақын салынады. Ортанғы бөлікке – дәптерлер мен қаламсауыт, сыртқы қалтаға – суы бар бөтелке мен басқа заттар.
Мектеп сөмкесінің салмағына қойылатын гигиеналық нормалар:
o1-2 сыныптар - 1,5кг
o3-4 сыныптар - 2,5кг
o5-6 сыныптар - 3 кг
o7-8 сыныптар - 3,5кг
o9-11 сыныптар - 4 кг
Сөмкені баламен бірге таңдаңыз, балаға ұнауы керек, гендерлік айырмашылықты ескеріндер.