Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Географиялық зоналылық
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға географиялық зоналарымен таныстыру ерекшелері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту шығармашылықтармен жұмыс істеуге баулу, картамен жұмысты дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға географиялық зоналарымен таныса отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүниежүзінің зоналық картасы, оқулық, сұрақтар
Сабақтың жоспары:
№
|
Сабақтың кезеңдері
|
Берілетін уақыт (мин)
|
1.
|
Ұйымдастыру
|
1-2
|
3.
|
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
|
2-3
|
4.
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
18-20
|
5.
|
Жаңа сабақты бекіту
|
5-6
|
6.
|
Үйге тапсырма беру
|
1-2
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.
Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады. Құрлықтағы зоналылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигіеді. Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орныана сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады. Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қбықтағы негізгі заңдылық болып табылады. Табиғаттағы зонлылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады.
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Ендік зоналылық дегеніміз не?
Жауап: Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.
Сұрақ: Биіктік белдеулер дегеніміз не?
Жауап: Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.
Сендер тұратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар.
Өздерің тұратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтаңдар.Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы географиялық зоналылыққа толық түсінік бердім.
Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмысты жандандыруға өз пікірін ашық айтуға шығармашылық пен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға ондағы жердің бетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, еңбекке, ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, жарты шар картасы, суреттер.
Сабақтың жоспары:
№
|
Сабақтың кезеңдері
|
Берілетін уақыт (мин)
|
1.
|
Ұйымдастыру
|
1-2
|
3.
|
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
|
2-3
|
4.
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
18-20
|
5.
|
Жаңа сабақты бекіту
|
5-6
|
6.
|
Үйге тапсырма беру
|
1-2
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Жер шарында құрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін белгілі. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық – олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бұл материктерде солтүстік жарты шарға тәнтабиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де Батыстан шығысқа қарай кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.
Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде аиырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оң түстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады. Екі материктердің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа құрайды, ал Еуразия материгі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығы әр түрлі жас жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді. Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларға ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15мың жыл бұрын ғана аяқталған материктіакмұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.Екі материкте де мұз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған. Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұқсастығына негіз болды. Екі материктің қоңыжай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас. Сондықтан мұндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі онша айырмашылық жасамайды.
Жаңа сабақты бекіту:
Ұқсас белгілері
|
Айырмашылықтары
|
Еуразия
|
Солтүстік Америка
|
Географиялық орны
1. Еуразия және Солтүстік Америка материгі Лавразия материгінің итқұрамында болған
2. Екі материк те солтүстік жарты шарда орналасқан.
|
Ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр. Оңтүстігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған.
|
Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірлніп, Оңтүстік Америкамен жалғасады. Солтүстігі солтүстік полюске қарай ығысы орналасқан.
|
Жер бедері
1. Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр.
2. жазықтар солтүстік бөліктерінде орналасқан.
3. Таулар материктердің шеткі бөліктерінде орналасқан.
|
1. Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқан.
|
1. Кордильера тау жүйесі материктің батысында бойлық бағытта орналасқан.
|
Мұз басулар
1. Мұз басулар әсерінен материктердің солтүстігінде жазықтар қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған
2. Фьордты жағалаулар кең тараған
3. Мұздың қазу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан.
|
Еуразияда мұз басқан аудан онша үлкен емес
|
Материктегі мұз басқан аудандардың аумағы өте үлкен. 40ºс.е. жеткен.
|
Климаты мен табиғат зоналары
1. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас.
|
1. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдары мен түбектері экваторлық белдеу алып жатыр
2. Жолбарыс, қарақұйрық, ақбөкендер тіршілік етеді
|
1. Материкте экваторлық климаттық белдеу кездеспейді
2. Секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ өсімдіктері кездеседі.
|
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын танып білдік.
Үйге тапсырма: §13 – оқу, кескін картаға солтүстік жарты шардағы мемлекеттерді түсіріп келу. Қосымша материалдар жинап, эссе жазу
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік:Оқушыларды Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру.
2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға басқа мемлекеттердің тарихымен таныстырып қана қоймай өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта.
Сабақтың жоспары:
№
|
Сабақтың кезеңдері
|
Берілетін уақыт (мин)
|
1.
|
Ұйымдастыру
|
1-2
|
3.
|
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
|
2-3
|
4.
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
18-20
|
5.
|
Жаңа сабақты бекіту
|
5-6
|
6.
|
Үйге тапсырма беру
|
1-2
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.
Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;
Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;
Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тікелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;
Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;
Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;
Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;
Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;
Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;
Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.
Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.
1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
Жаңа сабақты бекіту:
8848 м
|
|
Байкал көлі
|
1620 м
|
Каспий
|
-403 м
|
Джомалунгма шыңы
|
390 мың км²
|
Арабия түбегі
|
3 млн км²
|
Өлі теңізі орналасқан Гхор ойысы
|
Қорытынды: Қорытындылай келе Еуразия материгінің географиялық орнын, қоныстану және зерттелу тарихын танып білдік.
Үйге тапсырма: §14-оқу. Кескін картаға Еуразия материгін түсіріп келу.
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздеріне тоқталып теңіздер туралы ұғымдарын қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жағасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды.
Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы.
Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар.
Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартқа қол қойылды. Мұнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мұнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мұхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мұхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.
Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды.
Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС.
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.
Жаңа сабақты бекіту:
Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.
Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.
Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.
Үйге тапсырма: §15 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы мұхиттар мен мұхиттарды түсіру
Достарыңызбен бөлісу: |