Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата24.04.2017
өлшемі133,04 Kb.
#14699
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Алтай тауы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;


Тәрбиелік:

Биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;


Дамытушылық:

Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың түрі:

Ашық сабақ


Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Көрнекілігі:

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс:

әдебиет, география, экология, эстетика т.б.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

IV. Оқушылар білімін бекіту.

V. Үй тапсырмасы туралы хабар беру.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VII. Бағалау


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақ: «Орал тауы»




ү

л

к

е

н

б

о

қ

т

ы

б

а

й




б

і

р

ш

о

ғ

ы

Р







м

ұ

ғ

а

л

ж

а

р




 

т

а

л

д

ы




 










 

х

р

о

м

и

т

т

а

У




 




а

й

р

ы

Қ




 




с

е

л

е

у




 




ж

а

й

ы

қ

 
1.Орал тауының биік нүктесі?

2.Тауды екіге бөліп жатқан ойыс?

3.Орал тауының оңтүстік бөлігі?

4.Таудағы өзен?

5.Таудағы кен орыны?

6.Биік нүктелерінің бірі?

7.Өсімдіктің аты?

8.Орал тауынан бастау алатын өзен?


Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақтары:

1.Тау қай қаланың тұсынан басталады?

2.Орал тауының қай бөлігі кіреді?

3.Мұжалжар тауының ұзындығы мен ені?

4.Таудың қойнауындағы пайдалы қазбалар?

5.Климаты қандай, жылдық жауын-шашын мөлшері?

6.Қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?
ОРАЛ тауы

Таласқан аспанменен көкпеңбек тас,
Қарасаң төбесіне, айналар бас.
Жасаған мейірімі кең қадір Тәңірі,
Шығарған сол тауынан алтын, алмас.
Жиі –жиі , шытырманды түрлі ағаш,
Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас....

Мағжан Жұмабаев


III.Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Географиялық орны.

2.Жер бедері мен геологиялық құрылымы.

3.Пайдалы қазбалары.

4.Климаты.

5.Өзендері мен көлдері.

6.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.


  • Биік таулар: Алтай тауы

Сауыр- Тарбағатай

Тянь-Шань тауы

Жоңғар Алатау

Алтай тауы

  • Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Оны Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады


Алтай

Оңтүстік Батыс, Кенді Қалба жотасы

Мұзтау(4506м) Сарышоқы(1606м)
Оңтүстік Алтай

  • Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) .Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды бөліп келеді.

Батыс және Кенді Алтай



  • Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары:Листвяга, Холзун,Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

Қалба жотасы

  • Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі.Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ).Батысында жота бірте—бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті.


Пайдалы қазбалары : Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл бар

Климаты : Климаты қоңыржай континентті.

Шілденің орташа t° +19+22°C

ал 1000 метр биіктікте +16+14°C

2500-2700 метр биіктікте +7+5°С

Қыс айларындағы орташа t° -15°C кей қазаншұңқұрларда -40°С дейін жетеді.
Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм

Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.
Өзендері мен көлдері :Алтайдың ең басты өзені – Ертіс.Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды.

Алтай көлге бай.Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл.Ең үлкені Жайсан (ауданы 5510км кв)

Алтай тауында 328 мұздық бар.Жалпы ауданы 89,6 км кв
Өсімдіктері мен жануарлары: Орман алқаптарында: май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын. Жануарлары: аю, қабан, бұғы,таутеке, қар барысы мекендейді.
Географиялық диктант
1.Алтай ........ ойпатының басталып, ........... көліне дейінгі аралықты алып жатыр.Оның оңтүстігін ............... өзені мен .......... көлі, батысы ..........жотасы.
2.Жер бедерінің ерекшелігіне қарай .............. Алтай ....... ауданға бөлінеді.Олар - ..........., ............... және ................
3.Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты ................................Шілдеде аласа тау беткейлерінде .............. болса, 1000 м биіктікте ................, 2500-2700 м биіктікте .....................аспайды.

4.Алтай өлкесі аңға бай.Орманда .................... өсіретін шаруашылықтары бар.Шығыс қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында .............. жылы .................. қорығы ұйымдастырылды.

5..........................- Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен ........... биіктікте орналасқан.





,,,, ,,, ,,,, , ,,

Жауабы:




,,,, ,,

Ы

Жауабы: ...................................................



Тест жұмысы:

1. Алтай тауының биік нүктесі:

А) Бесбақан;

В) Бесшоқы;

С) Мұзбел;

Д) Мұзтау;

Е) Хан-Тәңірі.

2. Қалбы жотасының биік нүктесі:

А) Сарышоқы;

В) Бесшоқы;

С) Бесбақан;

Д) Мұзтау;

Е) Мұзбел.

3. Алтай тауындағы ағынды көл:

А) Марқакөл;

В) Зайсан к;

С) Алакөл к;

Д) Сасықкөл;

Е) Теңіз к.

4. Қай тау алтынмен бай?

А) Жонғар Алатауы;

В) Алтай т.;

С) Тянь-Шань т.;

Д) Сауыр –Тарбағатай;

Е) Манғыстау таулары.

5. Алтай тауы ....... ауданға бөлінеді.

А) төрт;

В) бес;


С) үш;

Д) сегіз;

Е) екі.

6. Жауын-шашынның ең көп түсетін жер ......



А) Батыс Сібір жазығы ;

В) Шығыс Еуропа Жазығы

С) Тянь-Шань тауы

Д) Батыс Алтай

Е) Каспий маңы

7.Алтай аймағының ең үлкен көлі



A) Зайсан
B) Марқакөл
C) Тұранғыкөл
D) Язовое
E) Черновое

VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Алтайдың Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді?

  2. Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі?

  3. Оңтүстік Алтай солтүстігінде қандай өзенмен шектеседі?

  4. Кенді Алтай қандай жоталардан тұрады?

  5. Қалба жотасының ең биік нүктесі?

  6. Алтайдан қандай пайдалы қазбалар алынады?

  7. Алтай тауының ең үлкен өзені?

  8. Көлдердің ең үлкені?

V.Сабақты қорытындылау:





А
















Л













т
















а
















й










1.Алтайдағы жота.
2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота.
3.Алтайдағы басты өзен.
4.Жоталардың бірі.
5.Алтайдағы көл.

VI. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
VII. Бағалау:бағалау парақшасымен бағалаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет