Жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салу күресі реконкиста деп аталды. Арабтар ресконкистаның нәтижесінде
Пиренейдің қиыр солтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалады.
Гранада әмірлігі туралы қосымша деректі оқушы айтып береді.
Гранада әмірлігінің астанасы Гранада қаласы.
1479 жылы Арагонның королі Фердинанд Кастилия ханшайымы Изабеллаға үйленеді. Екі корольдік бірігіп, Испан корольдігі деп атала бастайды.
Арагонның королі Фердинанд пен Кастилия ханшайымы Изабелла туралы қосымша дерек айтады.(Слайдтар көрсетіледі).
Испания королі өткізетін әлеуметтік топ өкілдерінің жиналысы
кортес деп аталды.
Кортеске қандай әлеуметтік топтар қатысқандығын оқулықтан тауып, таратып берілген сызбанұсқаға толтырады.
Испания мемлекеті осылайша бір орталыққа бағынған алпауыт мемлекеттердің біріне айналған болатын. Қазір Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт осы мемлекетке қатысты болып отыр, сондықтан қазіргі таңдағы Испания және оның Қазақстанмен байланыстары туралы қосымша мәліметке назар аударайық.
Қосымша дерек оқылады, слайдтар көрсетіледі.
Испан корольдері өз мемлекетін таза христиандар еліне айналдыру мақсатын көздеді. Дінбасылардың байлыққа ұмтылуын сынап, христиандыққа қарсы пікір айтушыларды
Достарыңызбен бөлісу: |