Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Ашық сабақ
5-сынып
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы.
Дайындаған:
Сейтова Гулсара Орпабековна
Ақтау қаласы-2013ж
Тақырып: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
1. Білімділігі: Оқушыларға «гидросфера», «литосфера», «атмосфера» ұғымдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы : Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері, мұхит суының температурасы және тұздылығы туралы оқушылардың білім дағдыыларын қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып – үйренуге тәрбиелеу.
Мақсаты: «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді, көрсете білу және сипаттай алу.
Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, суреттерді қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Жоспар: 1. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
2. Мұхит суының температурасы және тұздылығы.
1.Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м. Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн.км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн.км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.
Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз-мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхиттарда да кездеседі. (мысалы,Саргасс,Фиджи теңізі). Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды. (мысалы,Қара теңіз, Жерорта теңізі). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге-Еуразия жағалауындағы Баренц, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т.б теңіздер жатады. Шығанақ-мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұқиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон,Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз-екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қосып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670км)-Мозамбик бұғазы.
2. Мұхит суының температурасы және тұздылығы. Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп атайды. Мұхит суы өте баяу жылынып, баяу суынады.
№
Мұхит
Судың орташа температурасы
1
Тынық мұхит
19,4°С
2
Үнді мұхиты
17,3°С
3
Атлант мұхиты
16,5°С
4
Солтүстік мұзды мұхит
-1°С
Мұхиттар мен теңіздердің суы өте тұзды,ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35г тұз болады. ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Еріген тұздардың 1л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі-промиллемен (‰) өлшенеді. Мысалы, 20‰ 1 л суда 20г тұз бар деген сөз.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
1) Жер шарындығы мұхиттарды атап, глобустан және жарты шарлар картасынан көрсетіңдер.
2) Қазақстан аумағынан Дүниежүзілік мұхитқа шыға алама?
2) Ең,ең (оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдылығын дамыту)
1) Ең үлкен мұхит-Тынық мұхиты
2) Ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
3) Ең үлкен материк-Еуразия
4) Ең кіші материк-Аустралия
5) Тынық мұхитының ең терең жері-Мариан шұңғымасы
6) Ең ыстық материк-Африка
7) Ең салқын материк-Антарктида
8) Ең жылы мұхит-Үнді мұхиты
9) Ең үлкен арал-Гренландия
10) Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы
11) Ең ұзын бұғаз-Мозамбик
3) Тест
4) Кескін картамен жұмыс істеу
4) Красворд (гидросфера сөзіне)
Г
и
д
р
о
с
ф
е
р
а
1. Жердің шар тәріздес кішірейтілген үлгісі-Глобус
2. Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған қандай деген ат берді?-Тынық мұхит
3. Мұз басқан материк-Антарктида
4. Жер шарында неше мұхит бар?-Төрт
5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал-Барометр
6. Жылына екі рет бағытын өзгертетін жел-Муссон
7. Ауа қабаты-Атмосфера
8. Тынық мұхит деп ат берген саяхатшы-Магеллан
9. Жер бетінен ыссы күйде атқылайтын бұлақтар-Гейзер
10. Мұхиттың, теңіздің құрлыққа еніп жатқан бөлігі-Шығанақ
V. Сабақты қорытындылау.
1) Не себепті мұхит суының қату температурасы төмен болады?
2) Не себепті теңіз суы ащы? Теңіз суын ішуге болама?
3) Экватор маңы мен полярлық аймақтағы мұхит суы температурасының айырмашылығы неге байланысты?
VІ. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тест , кесте, сұрақ-жауап, красворд, кескін картамен жұмыс істеу.
VІІ. Үйге тапсырма беру. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы.