3.Дәйексөз
Жаны таза адам сұлулыққа құмар келеді.
Жаны таза деп кімді айтамыз?
Қандай сұлулық жайында айтылып тұр?
|
|
4. Әңгімелеу:
Қардың иісі Құрманбай Толыбаев
Қардың иісін сезген бала қандай сезімге бөленеді?
Табиғаттың тылсым күштері адамды қалай шабыттандырады?
Шабыттанған адам қандай шығармашылық істерді атқара алады?
Өздеріңнің шабыттанған кездерің болды ма?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып, негізгі ойын анықтаңдар:
«Адамзатқа тән ерекше бір жақсы қасиет – өзің қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету»
«Өнер - адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі»
«Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді».
«Шабыт деген – ғаламат көрінген істің оп-оңай орындалуы. Ондайда сызу да, жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі».
«Басқаларды әсерлендіру үшін алдымен өзің қатты толғануың керек»
|
Достарыңызбен бөлісу: |