2-тапсырма: Жағдаяттарды шешімін тауып, жалғастыр.
1-жағдаят: Бүгін сыныпта партада бірге отыратын ұл екеуің кезекшісіңдер. Сабақ аяқталғаннан кейін сыныптың терезелерін ашып, желдетіп, орындықтарды партаның үсті -не шығарып, еденді, тақтаны мұнтаздай етіп сүртіп, терезе алдындағы гүлдерге су құюларың керек. Соңғы сабақтың алдын да қасыңда отыратын ұлға бүгінгі кезекшілікті ескертсең де, ол кезекшілікке қалмапты. Барлық жұмысты өзің атқаруыңа тура келді.Қатты шаршадың.Ертесіне сыныпқа кіресала сен...
2-жағдаят: Бүгін алгебра сабағынан қорытынды бақылау жұмысы болды. Барлық сабақтарға үзбей қатысып, сабақ мазмұнын толық меңгергендіктен саған бақылау жұмысының есептерін шығару көп қиындық туғызбады. Есесіне, есеп шығаруға қиналып отырған сыныптастарың сенен есеп жауабын өтініп сұрады. Мұғалімге білдірмей сұрағандардың барлығына таратып бердің. Келесі күні мұғалім жұмыстың бағалары қойылған парақшаларды таратып берді. Сыныптағы барлық оқушыларға «бес» деген баға қойылып, саған ғана екілік бағасы қойылыпты. Мұғалімнің мұндай шешімін ішің сезе қойды. Уәж айтуға батылың бармады. Сенің әрекетің қандай?.......