Сабақтың мазмұны Ресустар



бет80/116
Дата13.12.2021
өлшемі153,61 Kb.
#100343
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі мәтінді оқып, өз мұратыңа жету үшін қандай қасиеттеріңді дамыту қажет екенін анықтаңдар.

Орыс ғалымы Д.И.Менделеевтің әйгілі элементтердің период тық жүйесі оның түсінде тұжырымдалғанын білесіздер ме?

Соның алдында Менделеев үш күн және үш түн бойы элементтердің аттары мен қасиеттері жазылған 62 карточканы бір жүйеге келтіре алмай әуреге түседі. Әбден қалжыраған ол жата кетеді де, бірден қатты ұйқтап қалады. Кейін ғалым: «Түсімде барлық элементтер орналастырылған кестені көрдім. Ұйқыдан оянған бойда бір жапырақ қағазға тез жазып қойдым. Ақырында бір жеріне ғана қажетті түзету енгізілді» , - деп есіне алады.

2-тапсырма: 93-беттегі мәтінді оқып, өз мұратына жету жолындағы армандаудың маңызын айтып бер.
Адам алдына қойған мақсатына жету үшін талаптану керек Талаптану дегеніміз адамның қажырлы еңбек етуі арқылы, ізденіс ке түсіп, алға қадам басу, талпынысы. Жазушы Сәуірбек Бақберге нов талап туралы былай деп ой толғайды: «Бұл бір мәнді сөз. «Талапты ерге нұр жауар» деген мақалдың өзі осы сөздің терең мәнін аңғартады. Егер мен сондай ерді елестете алсам, әрине, еңалдымен әуестігі мол, көзінде оты, жүрегінде жалыны бар, екінші сөзбен айтсам, сегіз қырлы бір сырлы жігітті кәдімгі өзіміздің Талапты немесе соған ұқсас жігітті көрген болар едім. Қайткенде талап деген ер жігіттің көкейіндегі жел жетпес тұлпары ғой». Адам баласының асқаралы болуы мол күш-қуатты талап етеді, ынта мен жігер арқылы оның өмірі жолының нәтижесі анықталады. Игілік, интелектуальдық руханилық – бәрі қажырлы еңбектің жемісі, соның арқасында ғана армандаған ой іске асып, мақсат орындалып, арман шындыққа айналады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет