Cабақтың тақырыбы: Радлов Василий Васильевич
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілін зерттеген ғалымдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету, В.В. Радлов туралы баяндау ,сөздік қорын молайту.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Оқушылардың өздік білім алуын , грамматикадан алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу машықтарын дамыту.
2.Дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.Оқушылардың белсенділігін арттыру, сөздік қорын байытып, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік:Тілге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық сезімдерін ояту .Қазақ тілін зерттеген ғалымдарын біліп, мақтан тұтынуына баулу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, оқулық, тірек-сызба, сандықша,слайд
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;
ә) Қазақ тілі әнің тыңдау
-Сәлеметсіздер ме, балалар !
Бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр «Қош келдіңіздер !» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.Қазақ: «Жақсы сөз-жарым ырыс»,- дейді. Сондықтан бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.Мен сендерге де бүгінгі сабақта көп табысқа жетуді, тілеймін. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!
Балалар, сабақты бастамас бұрын дәптерлеріңе төмендегі суреттердің бірін салып қоюларыңды сұраймын.Бұл – сендердің қазіргі көңіл күйлерің.Сабақтың соңында қандай өзгерістер болғанын салыстырамыз.
Көңіл күйім
Көңіл-күйлерінің сипаты:
Жасыл түс-өте жақсы
Сары түс – орташа
Қызыл түс- жаман
Үй тапсырмасын тексеру?
-Бүгін нешесі ?
-Аптаның қай күні ?
-Қазақ тілі нешінші сабақ ?
-Сабақта кім жоқ ?
-Латын алфавиті қандай алфавит ?
-Латын алфавиті нешінші жылдары қолана бастады?
-Араб жазуымен тұңғыш жазылған кітаптар?
-Орыс алфавитіне көшу қаулысы қашан басталды?
Қазақ тілін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер ?
IІ .Сабақтың ұраны:
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ –үйрену, ұғыну, ұлағат.
III. Жаңа сабақ .
а) сабақтың мақсатымен таныстыру.
“Қазақтардың тілі әуезді де әсем,шебер де шешен.Әсіресе, сөз сайсына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таң қалдырады.Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады.
(В.В.Радлов)
3.Сөздік жұмысы: сөз тіркесін, сөйлем құру
Ғалым- ученый
Зерттеуші- исследователь
Шығыстанушы-востоковед
Мұра-наследие
Негізін салушы- основоположник
В.В. Радловтың өмірбаяны кесте бойынша түсіңдіру
Достарыңызбен бөлісу: |