Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естіген-ақ ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірімділік», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы –ақ па? Ия, бірлігі жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады,- дейді ақсақал. Сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.
Сендер осы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп «Қара шаңыраққа» лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар.
Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы мен қызысыңдар!
Жүректен жүрекке - Шаңырақ мүсіндей отырып, бір - бірілеріңе тілек айтыңыздар: Мысалы: инабатты қыз болайық, ибалы ұл болайық, еліміздің іргесі бүтін болсын! тсс.
Достарыңызбен бөлісу: |