Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.» - деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс.