«Өзін- өзі тану» пәнімен интеграцияланған
Информатика сабағының жоспары
Мектеп: Қарағамысмектебі Мерзімі: 10.05.2020ж.
Мұғалім: Кереева Шолпан Кайыржанова Сынып: 5
Оқушылар саны: 7
Тақырыбы: Мәтіндік редактор. Мәтіндік редактордың интерфейсі
Құндылық: Ақиқат Қасиеттері: Жігерлілік, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторының қолданбалы программаларымен таныстыру арқылы адамның ойымен рухани маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторының терезесінде жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру;
2. Оқушылардың бойында зеректік, жігерлілк, шыншылдық, логикалық ой қорытындылау икемділігін дамыту.
3. Оқушыларды сабырлылыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке, ойдың, сөздің және істің бірігін сақтай білуге тәрбиелеу
|
Ресурстар: (материалдар, көздері) компьютерлер, проектор, карточкалар, смаиликтер.
|
Сабақ барысы:
Сыртқы интеграция (Өзін – өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
1.Ұйымдастыру кезеңi:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. . Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі
5Т ережесін еске түсіру
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпқа сұрақтар берілген, сол сұрақтардың жауаптары смаиликтермен белгіленген. Дұрыс жауапты таңдасандар смаилик күлімдейді, ал қате болса жабырқау күйде болады.
-12 слайд
|
|
Ішкі интеграция (Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Жаңа сабақ
Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
Іске қосу-Программалар- Стандартты- Word Pad
Талқылау сұрақтары
Әңгімеден не түсіндіңдер?
Осы әңгімені жаңа тақырыппен байланыстырайық.
(Редакторда жазылған сөзді өшіріп, дұрыстауға болады құмға жазылған сөздей. Ал сохранитке басып сақтасақ, өз мәнін мен пішінін өзгертпей тұрады)
Ал сендер қандай заттар сақтап қойдыңыздар? Олар сендерге немен құнды болып келеді?
|
|
Компьютермен жұмыс:
Карточкалармен жұмыс:
3- тапсырма: Сіздер алдағы келе жатқан 8- наурыз мерекесіне орай аналарына не әжелеріне, апаларына арнап құттықтау сөзін жазып, өз атыңыз бен және құттықтау хаты деп сақтап қойыңыз. Әрбір сабақ сайын біз бұл құттықтау хатын тақырып бойынша өтілген жаңашылдармен толықтырып, әсемдейміз де, мереке қарсанында сіздерге шығарып беріп, аналарыңызға (апа, әже, сіңіліңіздерге) сыйлайсыздар.
|
|
Үй тапсырмасы:
§19 154-158 бет, 158 беттегі бақылау сұрақтарын дәптерге орындап келу.
|
|
Бағалау:
Смаилик арқылы бағалау.
|
|
Соңғы тыныштық сәті:
Баяу әуен қосылады. Бүгінгі сабақтың ең ұнаған жерін естеріне түсіріп, жүректеріңізге сақтап қойыңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |