Сабақтың номері: 1 Сабақтың тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш



Дата08.02.2022
өлшемі87,63 Kb.
#98653
түріСабақ
Байланысты:
25b6dfd3276943239168f45869b493b6


Геометрия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан Мұғалім Оралбаева Г.К.
Сабақтың номері: 1
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш.
Мақсаты: 1. Шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерімен (центр, радиус, диаметр, хорда) танысу;
2. Сызбаға қарап белгіленуі мен жазылуын білу;
3. Шеңбердің диаметрін табу формуласымен танысу.
Конспект
Оқулық Геометрия 7 Алматы «Атамұра» 2017 авторы Ә.Н.Шыныбеков 4.1.1
Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.

О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.


Белгіленуі:: R немесе r.
(O, R) – центрі О нүктесі болатын,
радиусы R-ге тең шеңбер.
Ш еңбердің екі нүктесін қосатын кесіндісін хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.
CD, AB, EF – хордалар,
AB – диаметр, AB=2R.
Ш еңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны « » белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі.
және .
Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.
АОВ бұрышы – центрлік бұрыш.
АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең. .

Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.



Центрлік бұрышпен және ол тірелетін доғамен шектелген дөңгелектің бөлігі дөңгелек сектор деп аталады.
Шеңбердің доғасымен және осы доғаның ұштарын қосатын хордамен шектелген дөңгелектің бөлігін сегмент деп аталады.

Шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі дөңгелектің де центрі, радиусы, диаметрі болады.
Бейнеүзінді көру: https://www.youtube.com/watch?v=z29LCKPgpNk
Тапсырма:
1. Радиусты диаметр арқылы өрнектеңіз. Диамерді радиус арқылы өрнекте.
2. Егер шеңбердің диаметрі 24 см-ге тең болса, онда радиус неше см болады?
3. Дәптерлеріңе радиусы 4 см шеңбер сызыңдар. Осы шеңберден А және В нүктелерін табуға бола ма? Егер а) АВ=3 см; ә) АВ=4 см; б) АВ=6 см; в) АВ=8 см болса, осы нүктелерді белгілеңіз.
4. Төмендегі сызбада және -ның градустық өлшемін табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет