Қазақ тілі пәні бойынша 8- сынып
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 1
Сабақтың тақырыбы: 1-бөлім. Орфография. Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Көне түркі руника жазуы. Күрделі жалқы есімдер
Мақсаты: 8.1.1.1.Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.1.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Ресурстар:
https://www.youtube.com/watch?v=z58--Q6CCeo бейнетаспа арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Жалқы есім
күрделі
дара
1-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, дара, күрделі жалқы есімдерге ажырату және дыбыстық талдау жасаңдар.
(«Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 6-бет)
2-тапсырма. Кім тапқыр? Жалқы есімдердің түрлеріне 6 мысал келтіріңдер. («Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 7-бет)
Дескриптор:
- мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіре алады;
- бас әріппен жазылатын күрделі атауларды орфографиялық нормаға сай жазады;
- дара, күрделі жалқы есімдерді ажыратады.
3-тапсырма. «Көне жәдігерлердің құндылығы» тақырыбында эссе жазыңдар.
(«Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 5-тапсырма, 7-бет)
Кері байланыс:
орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жіберер
Достарыңызбен бөлісу: |