Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет12/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___8_____
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану
Мақсаты : 11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Қысқаша конспект
Фотосинтезді зерттеу барысындағы ең басты мәселелердің бірі — осы процестің өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жүзеге асуы құбылысын ашу. Бұл сұраққа нақты жауап берген неміс ғалымы Т.В.Энгельман болды. Ол фотосинтез процесінің хлоропластарда жүретінін дәлелдеу үшін жасушаның әр түрлі бөліктерін кішкене сәуле шоқтарымен жарықтандыруға болатын микроскоп құрастырды. Жасушаның жеке бөліктерін жарықтандыра отырып, оның қай бөлігінің фотосинтезге кабілетті екенін зерттеді. Сөйтіп, ол жасушаның қай бөлігі фотосинтез процесі үшін жарық қабылдағышы бола алатынын дәлелдеді. Фотосинтездік белсенділікке талдау жасау үшін ол тек анаэробты жағдайды ғана талдап алды. Ол үшін қозғала алатын және оттектің концентрациясы жоғары болатын аймақ бағытына қарай жылжитын бактерияларды қолданды. Сонда Т.В.Энгельман бактериялардың жасушаның жарық түскен хлоропластарына жылжитынын басқа жарық түскен органоидтеріне жылжымайтынын байқаған. Бұдан Энгельман: "Хлоропластар жасушалары оттек орталығы болып табылады және фотосинтез процесі нәтижесінде оттек бөлінеді" деген тұжырым жасаған. Сонымен фотосинтез процесі кезіндегі жарықтың сіңірілуі мен оттектің бөлінуі тек хлоропластарда жүретіні анықталды.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://stud.kz/prezentatsiya/id/14258 осы презентацияны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Фотосинтездің жарық фазасына сипаттама беріңдер.
2. Фотофосфорлану механизмін түсіндіріңдер.
3. Циклді және циклсіз фотофосфорланудың рөлін салыстырыңдар.
4. Фотофосфорланудың қысқаша сызбасын салыңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет