Сабақтың нөмірі: №1 Сабақтың тақырыбы: І бөлім. Географиялық зерттеу әдістері. Өзекті географиялық зерттеу әдістері



бет4/51
Дата07.02.2022
өлшемі80,54 Kb.
#94945
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
География 11 сынып (ЖБМ) қаз

§ 2. Эксперттік бағалау әдістері
Мақсаты: Оқушыларды эксперттік бағалау әдістерімен таныстыру, мәнін түсіндіру, зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолдануды үйрету.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар: эксперттік бағалау әдістері мен сараптамалары.
Сөздердің мағынасын түсіну: дельфи әдісі,нанотехнология
Эксперттік бағалау,әдетте,күрделі мәселелерге қатысты шешім қабылдауда пайдаланылады.
Эксперттік бағалау жүргізу қажеттілігі. 4- сызбанұсқа
Эксперттік бағалау қай кезде жүргізіледі?
Географиялық проблема немесе нысан туралы нақты деректердің жеткіліксіз болуы.
Нысанның болашағына қатысты белгісіздіктердің көп болуы.
Болжау нысанының өте күрделі,ауқымы кең және шамадан тыс үлкен болуы.
Төтенше жағдайға және т.б байланысты шешім қабылдауға уақыттың жетіспеуі.
Эксперттік бағалау жүргізудің шарттары. 5-сызбанұсқа
1.Проблеманың шарттарын,мерзімдерін,сыртқы және ішкі шектеулерін нақтылау
2.Сауалды сапалық баға берілетіндей етіп құрастыру
3.Сарапшылар мүмкін болатын нұсқаларды бағалайды,сондықтан шешімнің толық сипаттамасы күтілмейді.
4.Бағалау процедурасын тәуелсіз модератор жүргізіп,қадағалайды,ол проблемаға қатысты пікір білдірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет