Сабақтың нөмірі: №1 Сабақтың тақырыбы: І бөлім. Географиялық зерттеу әдістері. Өзекті географиялық зерттеу әдістері



бет51/51
Дата07.02.2022
өлшемі80,54 Kb.
#94945
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
География 11 сынып (ЖБМ) қаз

§ 27. Экология және денсаулық


Мақсаты: Оқушылар ластанған қоршаған ортаның адам өміріне тигізетін әсерін талдап үйренеді
Қысқаша конспект


Жетекші ұғымдар: экологиялық тұрғыдан негізделген аурулар,денсаулық индикаторлары,кәсіби аурулар
Сөздердің мағынасын түсіну:эндемия,онкология
Қоршаған ортаның жай-күйі адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Экологиялық тұрғыдан негізделген аурулар қоршаған орта жағдайының индикаторы болып табылады. Барлық экологиялық себептерден туындаған ауруларды екі топқа бөлуге болады. Эндемиялық және техногендік. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген аурулардың даму үдерісі 3-ші диаграммада берілген. Қазақстанның ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарының атмосфералық ауасын ластаушылар 14-кестеде көрсетілген.
Тыныс алу мүшелерінің ауруы көп тараған қалалар мен облыстар:Алматы,Өскемен қалалары және Шығыс Қазақстан,Қарағанды,Түркістан,Павлодар,Ақтөбе облыстарына тән. Қазақстанның көптеген қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында қоршаған ортаның сапасы бойынша қолайсыз жағдай сақталуда. Кәсіпорындардың жұмысы кейбір кәсіби аурулардың туындауына себепші болады. (30-сызбанұсқа).
ҚР өнеркәсіп салалары бойынша кәсіби аурушаңдықты бөлу 16-кестеде берілген. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылардың ең көбі өнеркәсіп саласында -600 мыңнан астам адам,оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде -280 мыңнан астам адам. Адамның тұрмысы,еңбегі,демалысы,денсаулығы және әлеуметтік жағдайы көбінесі қоршаған ортаның сапасына байланысты.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп» баспасы, 110—114 беттер
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1. Тапсырма. ҚР картасын пайдалана отырып облыстарды ауру деңгейі бойынша үшке бөліп,онкологиялық аурулардың қандай формасы тән екенін анықтаймыз
2. Тапсырма. Қатерлі ісік аураларының көбею салдарымен оларды алдын алудың қандай жолдары белгілі екенін жазамыз
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет