Жетекші ұғымдар:табиғатты елемеу,табиғатқа тұтынушылық көзқарас, табиғатты пайдалану тұжырымдамасы
Сөздердің мағынасын түсіну:коллапс
Қоғамның табиғатқа деген тұтынушылық көзқарасы ғасырлар бойы қалыптасып,бүгінгі күні жалғасын табуда. Әсіресе бұл өндіру өнеркәсібі дамыған елдерге қатысты болады. Табиғатқа тұтынушылық көзқарастың салдары 24-сызбанұсқада көрсетілген. 1.Ластану-табиғи заттардың физикалық-химиялық құрамының өзгеруі.2.Табиғи ресурстардың сарқылуы.3.Бұзылу-табиғи ортаның толық немесе жекелеген бөліктері деградацияға (тозуға) ұшыраған аудандарының пайда болуы.
Экономикалық даму,қажеттіліктер мен халықты шектеу тұжырымдамалары. Бұл тұжырымдама табиғат ресурстарының сарқылуына,қоршаған ортаның ластануы және экожүйелердің тозуына жауап ретінде қарастырылады.