Сабақтың нөмірі: 11 Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім: Киім. Сән. Талғам. §11. Киім стильдері



Дата21.02.2022
өлшемі40 Kb.
#132769
түріСабақ
Байланысты:
5-сынып 25.09


Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
І тоқсан
Сабақтың нөмірі: 11
Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім: Киім. Сән.Талғам. §11. Киім стильдері
Сабақтың мақсаты: 5.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;
5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
Оқушы:

  • мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

  • дыбыс үндестігіне қатысты тілдік мәліметті біледі;

  • жазба жұмысындағы орфографиялық қателерді түзетеді.

Қысқаша тезисті конспект
«Стиль» сөзі латын тілінен аударғанда «мәнер», «сипат», «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Киімде бірнеше стиль қалыптасқан:
Классикалық стильге ұстамды, ресми киім үлгілері жатады. Аксессуарлары (стильді толықтыру үшін керек заттар: сағат, әшекейлер, сөмкелер, портмоне т.б.) да алабажақ емес, түстері біркелкі болып келеді. Кеңсе қызметіне, жиналыстарға, іскерлік кездесулерге классикалық стильде киінген дұрыс. Романтикалық стильдегі киім үлгілері ерекше әшекейді қажет етеді, нәзік, өте әдемі, түстері әр алуан, аксессуарлары мол болады. Спорттық стильдегі киімдер – күнделікті өмірде, саяхатқа шыққанда киетін, жеңіл, жүріп-тұруға ыңғайлы киімдер. Фольклорлық (этникалық) стильдегі киімдер – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл киімдер сәнді қолөнер заттарымен безендіріліп, ұлттық нақышта орындалады.
(http://sabaq.kz)
Әдеби тіл нормалары:

Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа ықпал етуі. Мысалы: дос+тар (сөз соңы с қатаң болғандықтан, т – қатаңнан басталатын қосымша жалғанады); қаз+дар (сөз соңы з ұяң болғандықтан, д – ұяңнан басталатын қосымша жалғанады); клуб+та (сөз соңындағы ұяң б айтылуда қатаң естілетіндіктен, т – қатаңнан басталатын қосымша жалғанады); боз құнан айтылуы боз ғұнан (сөз аралығындағы алдыңғы дыбыс з ұяң болғандықтан, өзінен кейінгі қ қатаңды ұяңдандырып, ғ-ға айналдырады, жазғанда түбірі сақталады)



Ресурстар: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» баспасы, 2017 ж., 19-21-беттер.
Оқушыға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
2-тапсырма. Көптік, тәуелдік жалғауларының үндестік заңы бойынша жалғануын мысалдармен көрсетіп, кестені толтырыңыз.

Сөздің соңғы дыбысы

Көптік, тәуелдік жалғаулар

Сөз соңында үнді л, м, н, ң және ұяң ж, з дыбыстары болса




Қатаң немесе ұяң б, в, г, д дыбыстары болса




Дауысты немесе үнді й, р, у дыбыстары болса




3-тапсырма. Суреттерге қарап жазбаша сұхбат құрыңыз. Кім қай стильде киінген? Сұхбат мәтінінде ілгерінді ықпал байқалатын сөздер кездесті ме?
Кері байланыс: орындаған тапсырмаңызды «Күнделік» жүйесі, «WhatsApp» мобильді қосымшасы немесе электронды пошта арқылы жіберіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет