Сабақтың нөмірі: Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи мұрасы. Табиғи хоронимдердің



Дата16.02.2023
өлшемі61,32 Kb.
#169007
түріСабақ
Байланысты:
9-сынып геогр


География пәні бойынша 9 - сынып
I тоқсан
Сабақтың нөмірі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи мұрасы. Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар)
Мақсаты: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.
Қысқаша конспект
«Табиғи мұра» ұғымының мағынасын ашу
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 3 нысаны бар (2012 жылғы мәлімет бойынша). Екі нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, біреуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2012 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 12 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген.[1] Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған.[2]. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған.

Оқушыларға арналған тапсырмалар:

І тапсырма. Табиғи, мәдени, тарихи мұралардың айырмашылығын талдаңыздар.

Табиғи мұра


Мәдени мұра
Тарихи мұра
ЮНЕСКО тізіміне ену үшін табиғи мұраны бағалау критерийлері және Қазақстанның ЮНЕСКО тізіміне енген табиғи мұралар тізімі

Дескриптор

Білім алушы




  • Табиғи мұра туралы түсіндіріп, ерекшелігін сипаттайды;

  • Мәдени мұра туралы түсіндіріп, ерекшелігін сипаттайды;

  • Тарихи мұра туралы түсіндіріп, ерекшелігін сипаттайды;

  • ЮНЕСКО тізіміне ену үшін табиғи мұраны бағалау критерийлері және Қазақстанның ЮНЕСКО тізіміне енген табиғи мұралар тізімін сипаттайды

ІІ тапсырма. «Қазақстанның табиғи мұрасы» тақырыбында шартты белгілерді қолданып, картосхема әзірлеңіз:



Картосхема – көрнекі, эстетикалық, функционалды, түсінікті түрде әр түрлі географиялық ақпараттарды көрсететін, жалпылама түрде берілген бейне. Картосхема бір парақта бірнеше ақпаратты орналастыру мүмкіндігін береді.
Картосхемаға қойылатын талаптар:

  • ұқыптылық, жүйелілік;

  • мәліметтерді сызба, сурет, шартты белгілер арқылы бейнелеу;

  • түрлі-түсті қарындаштарды қолдану;

  • ақпараттарды ықшамдап ұсыну.



Дескриптор

Білім алушы




ІІІ тапсырма. Табиғи хоронимдердің ішінен таңдауыңыз бойынша бесеуінің мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын орыс және ағылшын тілінде ұсыныңыз:





Хоронимдер

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1










2










3










4










5












Дескриптор

Білім алушы




  • табиғи хоронимдердің ішінен бесеуінің мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын орыс және ағылшын тілінде ұсынады

Тапсырманы орындап болған соң оқушыларға кері байланыс беріледі.


Рефлексия: .. Мен үйренген 2 мәлімет.....
Мен білген 3 мәлімет....
Менің көбірек білгім келген 2 мәлімет....
Есте сақтау керек 1 маңызды мәлімет...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет