(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Берілген суреттен өздерінің және достарының сәлемдескенін қайталап көрсету.
Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен-ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған.
Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше мән берген.
-Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?
-Қазақ салтында тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп те амандасады.
-Ал, балалар кім бірінші болып амандасуы керек?
-Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.
-Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандарымен де бірінші болып қоштасады.
Адамдардың бір-бірімен сәлемдесу диалогі (балаларға атрибуттар беріп, рөлдерге бөлу).
Ата мен баланың сәлемдесуі (Ассалаумағалейкүм! Уағалейкүмассалам!)
Ата мен әженің сәлемдесуі (Амансың ба? Есенсің бе?)
Әже мен немеренің сәлемдесуі (Сәлеметсіз бе? Амансың ба ,шырағым?)
Көптілділік:
|