Сабақтың өтілу моделі VI бағалау, Қорытын дылау



бет1/4
Дата19.05.2022
өлшемі3,36 Mb.
#143978
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
00015dc7-6376e5a7
Analiticheskoe Myshlenie rus, Бақша шаруашылығы реферат, Кешенді емтихан?а арнал?ан с?РА?тар топыра?тану топыра? профилі,, doc, 0001d1f7-a6348e71, 0010d8c3-e7d593fb, 0001e43b-4ed53e04, 0004a74b-4738aa81, 0017a4ca-8a96b4af, 000f4063-7189f0c4 (1), 10 ГЕОМЕТРИЯ %U049AМЖ







Сабақтың өтілу моделі
VI
Бағалау,
Қорытын -
дылау


ІІІ

Үй тапсыр-
масы
ІV

Жаңа
тақырып
VIІ
Үйге
тапырма

І

Тақырыбы
ІІ

Мақсаты
V
Жаңа сабақты бекіту


Линза. Жұқа линза формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу


Сабақ мақсаты:
Білім беру: Линза,жұқа линза формуласы, линзадағы сәуле жолдары, линзада кескін алу туралы , линза түрлері,линзаларда кездесетін кемшіліктер туралы білімдерін толықтырып ,меңгерту.
Дамыту:Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Үй тапсырмасын тексеру

  • 1.Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады ?
  • 2 .Жарықтың шағылу заңы.
  • 3. Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер ?
  • 4.Қандай айна жазық айна деп аталады?
  • 5.Жазық айнаның формуласы.
  • 6. Жазық айна қандай кескін береді ?
  • 7. Сфералық айнада кескін алуға көмектесетін негізгі сәулелерді атаңдар.
  • 8. Айнаның ұлғайтуы дегенді қалай түсінесіңдер ?
  • 9. Жазық және сфералық айналардың,тегіс беттердің тұрмыста қолданылатын жерлерін атаңдар.

Жаңа сабақты баяндау


Линза
екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене
шашыратқыш
жинағыш
Линза суреті О1 мен О2 линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері, R1 мен R2 –сфералық беттердің қисықтық радиустары. Линзаны жасайтын сфералық беттердің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның бас оптикалық осінің бойында ,линзалар центрінде жатқан О нүктесін линзаның бас оптикалық центрі деп атайды. Оптикалық центр арқылы өткен сәулелер сынбайды, яғни таралу бағытын өзгертпейді. Оптикалық центр арқылы өтетін ,бірақ қисықтық центрлері арқылы өтпейтін түзулер KL қосымша осьтер деп аталады. Бас оптикалық осьтің линза беттерімен қилысатын А және В нүктелері линзаның төбелерін , ал линза төбелерінің арақашықтығы линзаның қалыңдығын береді. Егер линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусымен шамалас болса, онда оны қалың линза,ал әлдеқайда кіші болса,жұқа линза деп атайды.Линза беттерінің түріне қарай линзалар дөңес(жазық дөес,екіжақты дөңес және ойыс-дөңес) және ойыс (жазық ойыс,екіжақты ойыс және дөңес-ойыс) болып бөлінеді.Егер жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық сәулелерін түсірсек,олар бір нүктеде ,линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет