Циклдің тоқтау механизмі. Апоптоз
Бақылау нүктелерінде жалпы хромосома мен ДНҚ құрамының ірі бұзылыстарын қадағалау жүзеге
асырылады. Хромосомалық бұзылыстардың көп жағдайында циклдің тоқтауында жасушада тұрақты
синтезделетін, бірақ əдеттегі жағдайда тез бұзылатын p53 нəруызы орталық рөл атқарады. Ал жасушада
хромосомалық зақымдану болған жағдайда апоптозды белсендіретін p53 нəруызы «қосылады».
Хромосомалық зақымдануларда оларды анықтайтын
ДНҚ-протеинкиназалар р53-ті фосфорлап (бұл жағдайда белсендіреді), оны баяулататын Mdm2 нəруызынан
босатады. р53 нəруызы жасушалық циклды кез-келген кезеңде тоқтататын р21 нəруызының генін
белсендіреді. Егер хромосомалар айтарлықтай зақымданған болса онда р53 нəруызы апоптозды іске қосады.
р53 нəруызы р21 нəруызының генін ынталандырады, бұл нəруыз жасушалық циклдің əр кезеңінде циклин
Cdk-кешенін басады. р53 нəруызы апоптозды іске қосады.
ДНҚ-ПК-ДНК-протеинкиназа апоптозының іске қосу циклін тоқтату механизмі
|