Сабақтың өткізу жоспары І ақпараттық бөлім Ағымдық бақылау сұрақтары Бақылау нүктелері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата13.12.2021
өлшемі1,29 Mb.
#99982
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Апоптоз №11ПС және ОБӨЖ (1)

А п о п т о з – 

ж а с у ш а н ы ң бағдарланған өлімі («өркениетті жол»), өзін-өзі өлтірудің 

күрделі бағдарламасы. Тірі организмде ДНҚ зақымданған кезде көптеген қорғаныс 

механизмдері, мысалы, репарация жұмыс істейді. Репарация нəтижесінде «қате жөнделіп», 

ДНҚның қалыпты құрылымы қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, ДНҚ зақымдануы 

айтарлықтай болғанда, организм генетикалық аппараты зақымданған жасушаны жою туралы 

шешімін қабылдайды. Мұндай механизм апоптоз (бағдарланған жасушалық өлім) деп аталады. 

«Жасуша ішілік салдардан болатын апоптозды» жəне «Сыртқы фактор салдарынан болатын 

апоптозды» ажыратады.



Апоптоздың пайда болу себептері 

Жасушаішілік апоптоз 

Сыртқы фактор салдарынан болатын апоптоз

Пайда болу себептері

Жасушаның 

«қанағаттанарлықсыз» күйі 

Жасушаның арнайы рецепторлар  арқылы берілетін жағымсыз сыртқы сигнализация 

А) репарацияланбайтын не  

нашар репарацияланатын 

хромосоманың өте күрделі 

бұзылыстары. ДНК үзілістері  

тізбектер арасындағы тігулер 

хромосоманың дұрыс 

ажыраспауы 

Б) Жасушаішілік  мембрана 

бұзылыстары сыртқы факторлар 

əсерлерінен болады. Иондаушы 

сəулелер, температураның 

өзгеруі, химиялық қосылыстар. 

Қоректену кезінде жасушада  əр 

түрлі бұзылыстар болуы мүмкін

В) Үнемі бөлінетін жасушалар 

қан эпителий жасушалары.

Сыртқы «жағымсыз» сигнализация  мембрананың не жасушаішілік рецепторлар 

арқылы беріледі. 

А

) Эмбриогенез кезіндегі апоптоз 



Насекомдар метаморфозында қуыршақ сатысы жасушаларының өлуі 

Омыртқалылар эмбриогенезінде  алғашқы бүйрек (пронефрос) жəне басқа да ұрық 

жасушаларының(хорда, мезонефралдық рана т.б.) редукцияланып жойылуы

Б)  Иммундық жүйедегі апоптоз 

Т жəне В лимфоциттерінің аутореактивтік клондарының жойылуы 



Антигеннің ұзақ уақыт болмауы салдарынан антигенмен стимулданған 

лимфоциттердің өлуі

Гликокортикоидтардың өте көп болуы əсерінен лимфоциттердің өлуі



В) Қантүзуші жасушалардың  дамуы үшін белгілі 1 цитокиндер. Мысалы 

колониястимулдаушы фактор қажет, егер  осы фактор болмаса белгілі бір даму жолында  

жасушалар өліп қалады. 

Г) Əйелдердің репродуктивтік жүйесіндегі апоптоз

Атрезияланушы (түйісіп қалуының) фолликул жасушаларының өлуі 



Редукцияланушы сары дене жасушалардың өлуі 

Менструация алдында эндометрияның қызметтік қабат жасушаларының өлуі 



Лактация аяқталғаннан кейін сүт безінің лактоциттерінің өлуі  






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет